25.09.2009, 17:52 3656

Қазақ сейсмологиялық бекем құрылыс және сәулет ҒЗИ заңсыз салынған құрылыстарға сейсмологиялық беріктігі жөнінде қорытынды беруде - Алматы қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Қазақ сейсмологиялық бекем құрылыс және сәулет ҒЗИ заңсыз салынған құрылыстарға сейсмологиялық беріктігі жөнінде қорытынды беруде - Алматы қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақ сейсмологиялық бекем құрылыс және сәулет ҒЗИ соттың шешімі бойынша бұзу жөнінде шешім шығарылған заңсыз салынған құрылыстарға сейсмологиялық беріктігі жөнінде қорытынды беруде, соның салдарынан жаппай заңсыз құрылыс салу көбеюде. Бұл туралы бүгін өткен депутаттық тыңдауларда Алматы қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы Асқар Тұтыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Заңсыз салынған құрылысты бұзу жөнінде соттың шешімі шығарылғаннан кейін, Қазақ сейсмологиялық бекем құрылыс және сәулет ҒЗИ осы құрылыстың сейсмологиялық беріктігі жөнінде қорытынды беру деректері байқалуда", - деді А. Тутыбаев.

"Нысан иелері соттың шешімінен кейін осы қорытындыны бізге әкеліп, құжаттарымызды рәсімдеп беріңіздер деп талап етеді. Біз осы жөнінде Қазақ сейсмологиялық бекем құрылыс және сәулет ҒЗИ-ына хабарладық, бірақ ондағылар үнсіз", - деді ол.

"Осындай қорытындыны берген кезде лицензия да, жерге берілген мемлекеттік акт де, мемлекеттік сараптама да сұралмайды", - деді басқарма бастығы.

Сонымен бірге, оның айтуынша, сот үкімін орындаушылар бұзу жөніндегі сот шешімін жиі орындамайды. "Нысан бұзылуға тиіс, соттың шешімі бар... Сот үкімін орындаушы нысан бұзылған деген анықтама әкеледі, таңба қойып бекітіледі. Біз оқиға орнына барсақ, нысан сол тұрған қалпында тұра береді", - деді А. Тұтыбаев.

Осы орайда оның атап өткеніндей, "сот шешімі шығарылғаннан кейін төрт ай өткенде оның күші жойылады, сөйтіп, заңсыз салынған нысандар сол күйінде қала береді".

А. Тұтыбаевтың айтуынша, "2009 жылы Алматы қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотқа нысанды мәжбүрлі бұзу жөнінде 1278 материал жіберді. Тек 35 материал бойынша соттың шешімі шықты".

"Бір түнде аялдамада дәмхана бою көтеру секілді жаппай заңсыз құрылыс салуды доғару мүмкін болмай бара жатыр", - деді басқарма бастығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны