06.06.2007, 18:02 3840

Қазақ тағамтану академиясы "Nestle" компаниясының өнімдерінен генетикалық жолмен өзгертілген қоспаларды таппады

АЛМАТЫ. 6 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақ тағамтану академиясы "Nestle" компаниясының өнімдерінен генетикалық жолмен өзгертілген қоспаларды таппады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Nestle" компаниясының Қазақстандағы өкілдігінен хабарлады.

Өз өнімдерін тексеру туралы "Nestle" компаниясының өзі бастама көтеріп, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау департаментіне Қазақстан заңына сәйкес зерттеу жүргізу туралы ұсыныс жолдаған болатын. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау департаменті барлық нормалар мен ережелерді сақтай отырып "Nestle" балалар тағамының өнімдерінен сынамалар алып, Қазақ тағамтану академиясына зерттеуге жіберген болатын",- делінген хабарламада. Зерттеу 2007 жылдың 1-ші маусымында жүргізілген.

""Nestle NAN лактозасыз" атты құрғақ бала тамағынан алынған сынама Еуропа елдірінің халықаралық стандарттарына сәйкес әдіспен тексерілген. Нәтижесінде сынақ хаттамасы толтырылды, соған сәйкес алынған үлгіден генетикалық жолмен өзгертілген қоспалар табылмады",- деп көрсетілген хабарламада. ""Nestle NAN лактозасыз" өнімі қауіпсіз өнімге жатады және онымен балаларды тамақтандыруға болады",- деп атап көрсетті компаниядағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны