04.09.2018, 15:25 4475

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде "Ядролық қарусыз әлем құру" атты кездесу-конференция өтті

Оқу орнында озық зерханалық технологиямен жабдықталған "Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы" жұмыс істейді. Халықаралық бағдарламалар бойынша біріккен зерттеулер жүргізу мақсатында Жапонияныӊ "JEOL" және "Shimadzu" концерндерімен жасалған Меморандум негізінде құрылған бұл орталық университеттіӊ 80 жылдығын атап өткен 2010 жылы Елбасы Н.И.Назарбаевтіӊ қатысуымен ашылған

Алматы. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 29 тамыз күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Семей ядролық сынақ полигоныныӊ жабылғанына 27 жыл толуына және "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысыныӊ 30 жылдығына арналған "Ядролық қарусыз әлем құру" атты кездесу-конференция өтті.

29 тамыз - Семей полигоныныӊ жабылған күні. БҰҰ-ныӊ Бас Ассамблеясыныӊ 64-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ ұсынысы бойынша, бұл күн- Халықаралық ядролық қаруға қарсы күрес күні болып бекітілген.Бұл дата елімізде жыл сайын аталып келеді.

Осы орайда аталған іс-шараға "Жапония-Еуразия елдері" қоғамыныӊ президенті Такеда Масанао бастаған делегация, Халық жазушысы, Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысыныӊ президенті Олжас Сүлейменов, "Қазақстан-Жапон" достық қарым-қатынас қоғамыныӊ президенті Жібек Имірханова, екі елдіӊ ядролық қаруға қарсы қоғамдық ұйымдардыӊ белсенділері, БҰҰ өкілдері, дипломаттар,қоғам қайраткерлері, қаламгерлер,белгілі ғалымдар, ҚазҰАУ оқытушы-профессорларымен журналистер қатысты.

Жиын барысында "Ядролық қаруды жою қозғалысы туралы", "Хиросима мен Семей қалаларыныӊ арасындағы қарым-қатынас", "Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккендердіӊ бүгінгі жағдайы: медициналық, әлеуметтік, қоғамдық оӊалту формалары" сынды тақырыптар талқыланып, алдағы мақсаттар белгіленді.

Университет Жапониялық әріптестермен рухани, ғылыми-инновациялық бағытта тығыз қарым-қатынас орнатқан. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде тәрбие жұмысыныӊ тиімділігін арттыру мақсатында 2004 жылдан бері "О.Сүлейменов атындағы Илеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты" жұмыс істейді. Институтта "Невада-Семей" тақырыбын қамтитын "Таза планета" музейі бар.

Оқу орнында озық зерханалық технологиямен жабдықталған "Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы" жұмыс істейді. Халықаралық бағдарламалар бойынша біріккен зерттеулер жүргізу мақсатында Жапонияныӊ "JEOL" және "Shimadzu" концерндерімен жасалған Меморандум негізінде құрылған бұл орталық университеттіӊ 80 жылдығын атап өткен 2010 жылы Елбасы Н.И.Назарбаевтіӊ қатысуымен ашылған, деп хабарлайды ҚазҰАУ Қоғаммен байланыс басқармасыныӊ басшысы Алмат ИСИДІЛ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны