28.12.2015, 19:26 7254

"Қазақ зағиптар қоғамыныӊ" президенті Б.Иубәкіров 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық соты "Қазақ зағиптар қоғамы" қоғамдық бірлестігініӊ президенті Байбатыр Иубәкіровке қатысты үкім шығарды

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық соты "Қазақ зағиптар қоғамы" қоғамдық бірлестігініӊ президенті Байбатыр Иубәкіровке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сот Иубәкіров Байболат Абайұлын ҚР ҚК 176-бабы 4-тармағы Б тармақшасында, 148-баптыӊ 1-тармағында қарастырылған қылмыстарға кінәлі деп үкім шығарды. Оған тиесілі мүліктерді тәркілей отырып, 5 жыл лауазымды қызметтерді атқару құқығынан а йыру арқылы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті", - деді сот үкімін жария еткен судья Айжан Құлжанова, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ мәлім етуінше, Б.Иубәкіров жазасын жалпы режімдегі коллонияда өтейтін болады. Сонымен қатар, сот оныӊ сыбайласы Иділет Оспанованы да ҚР ҚК 28-бабыныӊ 5-тармағына, 176-баптыӊ 4-тармағына сәйкес, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан және 3 жылға лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырды.

"Қос" қоғамдық бірлестігініӊ пайдасына Б.Иубәкіровтен 1 млрд. 91 млн. 430 мыӊ 952 теӊге, сондай-ақ мемлекет кірісіне 10 млн. 914 мыӊ 309 теӊге мемлекеттік салық өндіріліп алынсын. И.Оспанова мен Б.Иубәкіровтен жалпы 28 млн. 263 мыӊ 700 теӊге, сонымен қатар, мемлекет кірісіне 282 мыӊ 637 теӊге мемлекеттік салық өндіріліп алынады", - деді А.Құлжанова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны