29.05.2012, 10:04 3135

"Қазақалтын" компаниясының кеншілері наразылық шарасын ұйымдастырды

Ақмола облысының Бестөбе ауылында "Қазақалтын" АҚ-ның "Батыс" және "Орталық" шахталарының кеншілері жұмысқа шықпай, наразылық шарасын ұйымдастырды. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Степногорск қаласының әкімі Андрей Никишов мәлім етті.

Астана. 29-мамыр. Kazakhstan Today - "Қазақалтын" компаниясының кеншілері наразылық шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақмола облысының Бестөбе ауылында "Қазақалтын" АҚ-ның "Батыс" және "Орталық" шахталарының кеншілері жұмысқа шықпай, наразылық шарасын ұйымдастырды. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Степногорск қаласының әкімі Андрей Никишов мәлім етті.

Оның айтуынша, жұмысшылар жалақының төмендігіне наразы көрінеді.

Кеншілердің сөзіне қарағанда, жалақы соңғы рет 180 теңгеге көтерілген, бірақ бұл қате болуы мүмкін, дейді А.Никишов.

"Бүгін кеніш кеңсесінің алдында жиын өтеді. Оған компания басшылары, прокуратура өкілдері мен шахтерлер шақырылған", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны