01.12.2016, 12:19 3807

"Қазақфильм" Ибіш Кекілбаевтыӊ "Шыӊырау" повесін экрандайды

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы Ибіш Кекілбаевтыӊ "Шыӊырау" повесі желісі бойынша толықметрлі көркем фильм түсіруді қолға алды, деп хабарлайды киностудияныӊ баспасөз қызметі.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы Ибіш Кекілбаевтыӊ "Шыӊырау" повесі желісі бойынша толықметрлі көркем фильм түсіруді қолға алды, деп хабарлайды киностудияныӊ баспасөз қызметі.

Фильмніӊ дайындық жұмыстары басталып кетті. Қазір түсірілім тобы жасақталып, актерлерді іріктеу жұмыстары жүріп жатыр. Фильмніӊ сценарий авторы әрі режиссері Жаӊабек Жетіруов.

Түсірілімніӊ барлығы дерлік Маӊғыстау облысында өтетін болады. Фильмде Қарақия ойысы, Үстірт шоқысы және Каспий теӊізі көрініс табады. Жуық арада режиссер өтпелі көріністерді түсіру үшін Ақтауға жол жүргелі отыр.

Жаӊабек Жетіруов көптеген деректі фильмдердіӊ және "Дүниежарық", "Аққыз" атты көркем суретті фильмдердіӊ авторы. Сондай-ақ, Жаӊабек Жетіруов жазушы Ибіш Кекілбаевтыӊ өмірі мен шығармашылығына арналған "Самғау" деректі фильм түсірген. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жасалған.

Ибіш Кекілбаевтыӊ үздік туындыларыныӊ бірі "Шыӊырауды" экрандау аса жауапкершілікті талап ететінін айта отырып, режиссер шығарма жайлы көзқарасымен бөлісті: - Аспаннан жұлдыз іздегеннен, жердіӊ түбінен су іздеу қиынырақ шығар. Еӊсеп әр құдықты қазу үшін жүз ойланып, мыӊ толғанады. Үстіртте ғасырлар бойы құдық қазған бабаларыныӊ ісін жалғастырушы оған сырттан келген Қалпақтыӊ құдық қазып, аяқ астынан абыройға ие болуы, Еӊсепті есеӊгіретіп жібереді. Оныӊ ендігі мақсаты Қалпақты жер ету. Еӊ тереӊ құдық қазып тарихта атын қалдыру. Қалпақтыӊ атын елдіӊ есінен өшіру.

Фильмді шығарманыӊ деӊгейінде түсіруді мақсат тұтқан режиссер тек туындыны баяндап қоймай, өз тарапынан тыӊ шешімдер жасайтынын да айтып өтті:

"Халықты сумен қамтамасыз етіп ризашылығына бөленуді мақсат етумен басталған жұмыстыӊ арты бәсекеге айналады. Ал бәсекеде шек болмайды. Шексіздікке ұмытылу тылсым күшпен тайталасқанмен бірдей. Оған адамныӊ ақылы да күші де жетпейді. Еӊсептіӊ трагедиясы да осында. Режиссер ретінде мен үшін Еӊсептіӊ жан-дүниесін көрсету маӊызды. Прозаныӊ тілінде жақсы қолданылған тәсіл кинематографияда ұтымды болмай тіпті, маӊызын бере алмай қалады. Сондықтан да фильмге повесте жоқ кейбір өзгерістер еiгіздім. Жалпы повестіӊ сюжеттік желісін, фабуласын сақтадым".

Фильм туралы ақпарат:

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Фильмніӊ аталуы: "Шыӊырау"

Жанры: Драма

Тілі: Қазақ тілінде

Сценарий авторы әрі режиссері: Жаӊабек Жетіруов

Қоюшы-операторы: Рифкат Ибрагимов

Продюсері: Ертай Рахманбердиев

Фильмніӊ қысқаша мазмұндамасы: Фильм жиырмасыншы ғасырдыӊ басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан әлеуметтік проблемаларды қозғайды. Жартылай отырықшы және көшпелі тұрмыс кешетін қазақтардыӊ арасын жалғастырып жүрген басты кейіпкер Еӊсеп шыӊыраудан құдық қазып, Үстіртте аты шығады. Еӊсеп бай, ауқатты адамдардыӊ құдығын қазып, кедей кепшіктердіӊ тапсырыстарына ат үсті қарайды. Осы тәкаппарлығы өзіне кесір болып, ол ақыры жұмыссыз қалады. Ауылға Бұхара жақтан көшіп келген қалпақ деген біреу, Еӊсептіӊ орнын басып, Үстіртте еӊ тереӊ құдық қазады. Бұл Еӊсептіӊ қызғанышын оятады. Ол одан да тереӊ құдық қазам деп, ақыры бәсеке түбіне жетеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны