28.09.2016, 15:00 3797

"Қазақфильм" АҚ мен "Батыс Қытай киносы" корпорациясы серіктестік туралы меморандумға қол қойды

Кездесу барысында тараптар екіжақты бірігіп жасалатын кино саласында ынтымақтастықтыӊ келешегі жайлы талқылады.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Жібек жолы" атты қытайдыӊ халықаралық кинофестивалі аясында Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ мен "Батыс Қытай киносы" корпорациясы серіктестік туралы меморандумға қол қойды, -деп хабарлайды киностудияныӊ баспасөз қызметі.

"Өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделе отырып, тараптар ел арасындағы мәдени, экономикалық және әлеуметтік өзара іс-қимылға ықпал ететін болады, сонымен қатар Қытайдыӊ кино саласы нарығыныӊ зор әлеуетіне сүйене отырып, мәдени алмасу және кино өнеркәсібі саласындағы екіжақты табысқа қол жеткізуге талпыныс жасалатын болады" , деп хабарлады киностудияныӊ баспасөз қызметі.

"Бұл отандық киномотографтар үшін үлкен оқиға болып табылады. Аталмыш меморандум Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында достық мен ынтымақтастықты нығайтуда маӊызды қадам болады",-деді киностудияныӊ вице-президенті Серік Жұбандықов.

Кездесу барысында тараптар екіжақты бірігіп жасалатын кино саласында ынтымақтастықтыӊ келешегі жайлы талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны