02.02.2018, 13:57 8135

"Қазақфильм" АҚ түсірген "Оазис" фильмі прокатқа шықты

2018 жылы 1 ақпанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша "Asau Art Films" қатысуымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Оазис" фильмі прокатқа шықты.

Алматы. 2 ақпан. Kazakhstan Today - 2018 жылы 1 ақпанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша "Asau Art Films" қатысуымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Оазис" фильмі прокатқа шықты. Фильмніӊ режиссері Бегарс Елубай.

Фильмде көздеген мақсаттарына жету жолында әр қайсысыныӊ өз амалдары бар, өмірге деген көзқарастары бір-біріне ұқсамайтын, мінездері де мүлдем бөлек екі жігіттіӊ тағдыры баяндалады.

- Бүгінгі қазақ қоғамы рухани тұрғыдан - тілдік, діндік тұрғыдан екіге бөлініп жатыр. Қазақ қазақты түсінбей жатыр, бұл ұлтымыздыӊ трагедиясы. Осыныӊ жемісін жас ұрпақ жинап жатыр. Бұл трагедияны біз "Оазис" фильміндегі кейіпкерлері арқылы - далада кездескен екі қазақтыӊ қақтығысы арқылы көрсетуге тырыстық. Бірі - діні де, тілі де, тарихы да бұзылмаған, оралман жігіт болса, екіншісі - Алматыдағы балалар үйінде тәрбиеленген, діні де жоқ, тілі де жоқ, тарихи жады да жоқ Руслан есімді шала қазақ. Жалпы, "Оазис" - дін тақырыбын қозғап, иманы бұзылған қазақ қоғамы үшін иманныӊ қаншалықты маӊызды екенін кино тілімен айтуға ұмтылған фильм, - деді фильмніӊ сценарий авторы, белгілі жазушы Смағұл Елубай.

"Оазис" фильмініӊ негізгі түсіру жұмыстары Алматы облысы Шонжа ауылында, сонымен қатар Алматы қаласында жүргізілді. Фильмдегі басты рөлді Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер институтыныӊ түлегі Айдар Асарбай сомдады.

Айта кетсек, "Оазис" фильмі режиссер Бегарс Елубайдыӊ алғашқы жеке жұмысы. Оныӊ алдында ол режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовпен бірге балаларға арналған "Аӊшы бала" фильмін (2012 жылы жарыққа шыққан) түсірген болатын. Аталған туынды көптеген халықаралық кинофестивальдерде жүлделі орындарға ие болды. Мысалы, Голливудта өткен халықаралық кинофестивальде "Шетелдіӊ үздік фильмі", 2012 жылы өткен "Киношок" фестивалі шеӊберінде "Киномалышок" байқауында "Үздік фильм" жүлделерін имеденді. Сондай-ақ, Иркутскіде өткен "Байкал жүрегі" халықаралық киносфестивалінде "Балаларға арналған үздік фильм" жүлдесімен марапатталған болатын. Бүгінде режиссер "Бала ғашық" атты келесі фильмді түсіріп жатыр.

"Оазис"

Фильмде өмірге деген көзқарастары бір-біріне ұқсамайтын, мінездері де мүлдем бөлек екі жігіттіӊ тағдыры баяндалады. Руслан - ананыӊ мейірімін көрмеген тастанды бала. Полиция қызметкерлерінен қашып жүрген ол өзімен бірге бүкіл әлемді жойып жібермек ойы болады. Алайда шөлді далада ол жүрегінде иманы бар, төӊірегіндегілерді махаббат пен мейірімділік нұрына бөлендіріп жүрген жігітті кездестіреді...

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, "Asau Art Films" ЖШС қатысуымен

Жанры: психологиялық драма

Ұзақтығы: 88 минут

Қоюшы режиссері: Бегарс Елубаев

Сценарий авторы: Смағұл Елубаев, Бегарс Елубаев

Қоюшы операторы: Александр Рубанов

Қоюшы суретші: Джалалитдин Ибрагимов

Композиторы: Иділхан Байысбаев

Рөлдерде:Айдар Асарбай, Иділет Топаев, Сағат Жылгелдиев және басқалар.

Режиссер туралы анықтама:

Бегарс Елубай 1974 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келді. 1991 жылы Ил Фаараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетініӊ филалогия факультетіне оқуға түскен. 1998-2002 жылдар аралығында Мәскеудегі кәсіпкерлер мен құқық институында дәріс алған.

Фильмографиясы: "Аӊшы бала" (2012 ж., теӊ режиссері), "Оазис" (2018 ж.).

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны