16.02.2018, 17:20 6286

"Қазақфильм" Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер Федерациясына мүше атанды

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы ТМД елдері ішінен бірінші болып Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер Федерациясыныӊ мүшесі атанды

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы ТМД елдері ішінен бірінші болып Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер Федерациясыныӊ мүшесі атанды. Киностудияныӊ Федерация құрамына кіретіні туралы шешім басқарма мүшелерініӊ Бейжіӊде өткен "Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердіӊ кино саласындағы бірлескен ынтымақтастығы - 2018" атты 10-шы съездінде айтылды.

Азия-Тынық мұхит аймағы киноөндірушілер Федерациясын 1954 жылы Гонконгтыӊ танымал кинематографисті, меценаты, медиамагнаты, Қытай киноөндірісініӊ бастауында тұрған Шау Ифу құрған.

Федерацияныӊ негізгі бағыты - киноөндірісті дамытудағы ықпалдастық, Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдер киногерлері арасында достық қарым-қатынасты нығайту, сонымен қатар, Азиядағы тарихы тереӊде жатқан кинофестивалді өткізу.

Кинематографиясы дамыған, әлем мойындаған Жапония, Қытай, Үндістан, Оӊтүстік Кореймен қатар, Федерация құрамына, киноөнері қарқынды түрде дамып келе жатқан Австралия, Жаӊа Зеландия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам, Индонезия, Сингапур, Филиппин, Иран, Пәкістан және басқа елдер де енген. Барлығы 24 мемлекет.

Қазақстан кинематографистері үшін бұл жаӊаша даму, киноөндірістегі жаӊа технологияларды игеру және Федерация мүшелігіндегі елдермен бірлескен жобаларды іске асыру арқылы сол елдіӊ кинорыногына ену.

Айта кетелік, халықаралық ынтымақтастық бағытында киностудия бірнеше жобаларды да қолға алған. 2017 жылы "Қазақфильм" үндістандық кинематографистермен бірлескен жобаны іске асырған болатын. "Қазақфильмніӊ" қатысуымен еліміздіӊ көрікті жерлері көрініс тапқан режиссер Сачиндра Шарманыӊ "Love you family" атты туындысы алғаш рет тек қазақ тіліне тәржімаланып, "Туған үйім тірегім" атты атаумен отандық кинопрокатқа жіберілді.

Сондай-ақ, киностудияныӊ өндірісінде Азия-Тынық мұхит елдері киноөндірушілері Федерациясыныӊ тағы бір мүше мемлекеті - Қытаймен жобасы бар. "Композитор" фильмі екінші дүниежүзі соғысында Алматыда өмір сүрген қытайлық композитор Си Син Хай мен қазақтыӊ ұлы композиторы Бақытжан Байқадамовтыӊ достығы туралы баяндайтын көркем туынды.

Азия-Тынық мұхит аймағы елдерініӊ киноөндірушілер Федерациясына мүше болу "Қазақфильмге" бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндігін береді. Бүгінде бұл киностудияныӊ басымдық беріп отырған бағыттарыныӊ бірі.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны