14.09.2017, 16:50 6499

Қазақфильм балаларға арналған фильмге кастинг жариялады

Кастингке 10-15 жас аралығындағы қазақ тілінде еркін сөйлейтін ұл балалар қатыса алады.

Алматы. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілетін "Бала ғашық" атты көркем фильміне кастинг жариялайды. Режиссері - Бегарыс Елубаев.

Кастингке 10-15 жас аралығындағы қазақ тілінде еркін сөйлейтін ұл балалар қатыса алады.

Кастингке қатысам деушілер көрсетілген мекен-жайға 2017 жылғы қыркүйектіӊ 15-і мен 17-і күні сағат 10.00-18.00 аралығында келуі тиіс.

Мекен-жайы: Ил-Фараби даӊғылы 176 үй, "Қазақфильм" киностудиясы, "Двухпавильонник" ғимараты, 44 кабинет.

Жанры: балаларға арналған комедия

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Сценарий авторы: Смағұл Елубаев

Қоюшы режиссер: Бегарыс Елубаев

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны