19.08.2018, 13:27 6186

"Қазақфильм" киностудиясы - Алматы қаласыныӊ ғана емес, жалпы Қазақстанныӊ мәдени мұрасы - Сатыбалды Нарымбетов

Этнокомплекс салуға жарарлық басқа жақта жер жетіп жатыр. Облысқа барыӊыз, тиындарыӊызды, жолбарыстарыӊызды және басқа ауылдарыӊызды сонда қойыӊыз. Негізі мен Байбек мырзаны сыйлаймын, алайда мына жағдайда ол кісіні қолдай алмаймын", - деді баспасөз отырысында Ермек Тұрсынов.

Алматы. 19 тамыз. Kazakhstan Today - "Қазақфильмніӊ" учаскесін тартып алуға кинематографиялық қауымдастық қарсылық білдіріп баспасөз мәслихатын өткізді.

Алматыда 2018 жылғы 17 тамызда Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында баспасөз-конференциясы болып өтті. Баспасөз отырысы барысында киностудия ұжымы мен зиялы қауым өкілдері Алматы қаласы әкімдігініӊ 5,5 га жерді тартып алу шешіміне қарсы шықты. "Қазақфильм" АҚ-ныӊ атынан киностудияныӊ бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов пен заӊ мәселелері бойынша кеӊесшісі Илтайыр Ерімбетов сөз сөйледі. Ал кино қауымдастығынан режиссер Сатыбалды Нарымбетов және Қазақстанныӊ кинематографистер одағыныӊ төрағасы Ермек Тұрсынов қатысты.

Баспасөз-конференциясында Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ басшылығы Алматы қаласыныӊ әкімдігіне бұл аумақта этнокомплекстіӊ құрылысын салу туралы өтінішпен жүгінбегенін мәлімдеді.

Республикалық бюджеттен жаӊа құрылыс нысандарына қаражат бөлінбегендіктен, киностудия қазақ киносыныӊ музейін салуға көмек сұраған. Сондай-ақ, спикерлер аймақтыӊ әрбір бөлігі кинофильмдер мен имидждік видеороликтерді түсіру үшін қолданылатындығын айтты. Бұл жер учаскесінде бұған дейін, жақында екінші маусымы түсірілген "Қазақ хандығы" (реж. Рүстем Ибдірашев) көпсериялы жобасыныӊ үлкен декарациясы құрылып қойған. Бұдан бөлек, бұл жерде осы жылдыӊ қыркүйек-қазан айларында түсірілімі жоспарланған "Томирис" кинокартинасыныӊ ауқымды декорациясы соғылу үстінде. Сондай-ақ, басшылық киностудия аумағында өткізілген түсірілім мемлекеттік бюджет қорын едәуір үнемдейтінін және "Қазақфильм" киностудиясы мемлекеттік "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын толыққанды орындап отырғанын жеткізді.

"Бұл жер аумағын кезінде Шәкен Кенжетайұлы таӊдаған. Оныӊ архитектуралық эскиздері негіздерінде киностудия соғылған. Біздіӊ киностудия - Алматы қаласыныӊ ғана емес, жалпы Қазақстанныӊ мәдени мұрасы. Біз киностудияны тұрғызған киногерлердіӊ көзі ретінде сақтап қалуымыз керек. Киностудия қазақ халқыныӊ және мемлекетіміздіӊ тарихы жайлы фильмдер түсіру арқылы "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын іске асырып отыр, - деді Сатыбалды Нарымбетов.

"Мен мұнда әріптестерімді қолдау үшін келіп отырмын. Меніӊ жеке пікірім - жағдай ушығып тұр. Егер байыпқа салып сөйлейтін болсақ, онда студияныӊ жер аумағы көптеген коммерциялық құрылымдарға және күн де Ил-Фарабидіӊ бойымен өтетін жеке кісілерге бұл "әдемі жер" маза бермей тұрғанын айтар едім. Бір жылдары студияны Астанаға, Талғарға көшіргілері келді. Сондықтан да кейбір адамдардыӊ қызығушылығы түсінікті. Біз, шығармашылықтыӊ адамдарымыз, қамқоршымыз жоқ. Біз бұл жерді өзіміздіӊ үйіміздей көреміз. Алдымен 5 гектарын алады, сосын бізге тек бір бөлмеге саятын жер қалдырады. Алайда бұл киностудияныӊ артында пікірі бізбенен сәйкес келетін ұлы тұлғалар жоқ емес - баршылық. Бізге тиіспеулерін, бізді жайымызға қалдыруларын қалаймыз. Этнокомплекс салуға жарарлық басқа жақта жер жетіп жатыр. Облысқа барыӊыз, тиындарыӊызды, жолбарыстарыӊызды және басқа ауылдарыӊызды сонда қойыӊыз. Негізі мен Байбек мырзаны сыйлаймын, алайда мына жағдайда ол кісіні қолдай алмаймын", - деді баспасөз отырысында Ермек Тұрсынов.

"Жерді жалға беруге қатысты мынадай мәселелер бар: мемлекеттік жер телімі қазір жалға берілген. Жалға беру туралы келісім шарт 2008 жылы бұзылған болатын. Бірақ бұл ескі келісім шарт. Қазіргі уақытта 2010 жылы 49 жыл мерзімге жасалған қолданыстағы келісім шарт өз күшін жоймады. Жер телімі құқығы өкілетті мекеме ретінде заӊды түрде бізге берілген. Жерді жалға алудыӊ нысаналы мақсаты - фильмдерді өндіріске шығару және біз оны мақсатты түрде қолданып келеміз", - деп қорытындылады Илтайыр Ерімбетов.

Баспасөз отырысыныӊ қорытындысы бойынша, кинематографиялық қауымдастық және киностудия басшылығы еріктілер тобын құрып, бағдарламалық құжат - петиция жасап, республика азаматтарыныӊ құқығы мен бостандықтарыныӊ, Конституциясы мен заӊдарыныӊ сақталуына кепіл Қазақстан Республикасыныӊ Президенті атына жолдайтындары туралы шешім қабылдады.

Айта кетелік, соӊғы жылдары Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы қазақ кинематографиясыныӊ дәстүрін бұзбай, қарқынды дамып келеді. Осы орайда, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ 2017 жылғы жетістігі туралы қысқа ақпарат берейік: 18 көркем, 21 деректі картина, 2 толықметрлі анимациялық фильм түсіріп, 24 халықаралық кинофестивалден жүлделі оралды.

Биыл "Қазақфильм" 2 сериалдыӊ, 6 астам толықметрлі көркем фильмніӊ, 12 деректі және 10 қысқаметрлі фильмдердіӊ өндірісін қолға алды. Аталған фильмдер "Туған жер", "Қазақстанныӊ сакралды географиясы", "Қазақстанныӊ 100 жаӊа есімі" және "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" бағдарламары көрініс табады. Сонымен қатар, 10 қысқаметрлі көркем фильм өндіріске жіберілді.

"Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ" - Қазақстандағы негізгі киноалаӊ, өндіріспен және көркем фильмдердіӊ, деректі және анимациялық фильмдердіӊ пост-продукциясымен айналысады. Киностудия 1934 жылы Алматы киномұрағат студиясы болып құрылды, 1936 жылы алғашқы деректі фильмдерді ұсына бастады. 1941 жылдыӊ 15-қарашасында Алматы киностудиясы "Мосфильм" және "Ленфильм" киностудиясымен бірге Алматыда 1944 жылға дейін жұмыс істеген және соғыс жылдарында отандық көркем фильмдердіӊ 80 %-ын шығарған Біріккен киностудиялар орталығы - БКО-ға қосылды.1960 жылдыӊ 9 қаӊтарында Алматы көркем және хроникалық фильм киностудиясын "Қазақфильм" киностудиясы деген атауға ауыстырды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтыӊ аты берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны