18.08.2017, 17:37 6367

"Қазақфильм" киностудиясында "Қыз бен теӊіз" фильмініӊ түсірілімдері аяқталды

Илеуметтік бағытта түсірілген "Быть или не быть?" және "Қыз бен теӊіз" жобаларынан кейін біздіӊ "актерлеріміздіӊ" қалай өзгеріп, өздеріне деген сенім пайда болғанын байқадым. Соныӊ арқасында қоғам өміріне именбей араласуға дайын екендері көрініп тұр. Меніӊ өзім балалар үйінде тәрбиеленгендердіӊ бірімін. Маған кезінде өмірге деген құштарлықты үйреткен осы өнер, кинематограф. "Қыз бен теӊіз" фильмі көрермендерге мүмкіндігі шектеулі адамдардыӊ қандай қиындықтармен кезігіп, қандай қиындықтарды бастан кешіріп отырғандарын көрсетеді.

Алматы. 18 тамыз. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында "Қыз бен теӊіз" атты толықметражды көркем фильмніӊ түсірілімдері аяқталды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша түсірілген бұл фильмніӊ режиссерлері әрі сценарий авторлары Изизжан Заиров пен Мұхамед Мамырбеков.
"Қыз бен теӊіз" фильмініӊ негізі өмірден алынған оқиғадан тұрады. Бас кейіпкер қыз АРДИ мүгедек балалары бар ата-аналар ассоциациясы оӊалту орталығыныӊ тәрбиеленушісі Динара Шәріпова. Ақ жарқын, еӊбекқор, көмек қолын әрдайым созуға дайын тұратын Динара өте өжет. Фильмдегі бас кейіпкердіӊ есімі Исел. Оныӊ бар арманы - махаббатын кездестіріп, отбасын құру және бала табу.

- Илеуметтік фильмдерді түсіруден ұққаным, мүмкіндігі шектеулі жандарға кинематограф арқылы келген арт-терапияныӊ әсері инклюзивті (барлығы қамтылған) болатынын түсіндім. Илеуметтік бағытта түсірілген "Быть или не быть?" және "Қыз бен теӊіз" жобаларынан кейін біздіӊ "актерлеріміздіӊ" қалай өзгеріп, өздеріне деген сенім пайда болғанын байқадым. Соныӊ арқасында қоғам өміріне именбей араласуға дайын екендері көрініп тұр. Меніӊ өзім балалар үйінде тәрбиеленгендердіӊ бірімін. Маған кезінде өмірге деген құштарлықты үйреткен осы өнер, кинематограф. "Қыз бен теӊіз" фильмі көрермендерге мүмкіндігі шектеулі адамдардыӊ қандай қиындықтармен кезігіп, қандай қиындықтарды бастан кешіріп отырғандарын көрсетеді. Көрермендер біздіӊ кейіпкерлерді қөру арқылы адам мүмкіндіктерініӊ шектеусіз екенін түсінеді және өздеріне деген сенім ұлғая түседі деп ойлаймын. Біз, авторлар, гуманистік және жасампаз мағына беретін бұл фильм отандық көрермендердіӊ ғана емес, сондай-ақ, шетелдіктердіӊ де көӊілінен шығады және халықаралық кинофестивальдерден өз бағасын алады деп үміттенемін. Болашақта тек осы сипаттағы фильмдерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және "Қазақфильм" киностудиясымен бірлесіп түсіретін боламын, - деді Азизжан Заиров.

Қазір жоба постпродакшн кезеӊінде тұр. Фильмніӊ түсірілімдері Алматы қаласында және Қапшағай жағалауында өткен. Фильмге түскендердіӊ барлығы дерлік кәсіби актерлер емес, мүмкіндігі шектеулі адамдар (БЦП диагнозы және психикалық даму бөгелесі бар). Ал бас кейіпкердіӊ әпкесі рөліне театр және кино актрисасы Гүлбахрам Байбосынова шақырылған.

- Түсірілген материалдарға шығармашылық топтыӊ көӊілі толады. Өйткені, бәріміз де осы жобаға барымызды салдық. Түсірілім барысында бір кадрды бірнеше рет қайталап түсіре берген кездеріміз болды. Олай істеген себебіміз, кейіпкерлеріміз қажетті эмоцияны және көӊіл-күйін нанымды бере алса екен дедік. Біздіӊ актерлеріміздіӊ бар талантын салып, өздерініӊ шығармашылық әлеуетін барынша көрсете алуын қаладық. Ертеӊгі күні, фильмді көріп отырған көрермен фильмдегі кейіпкерлердіӊ инва арбаға тағылғанына жаны ашып қол шапалақтауы емес, олардыӊ актерлік ойынына таӊ-тамаша болса екен деген мақсат қойдық, - деп қосты Азизжан Заиров.

Фильм туралы: Өзініӊ жазылмайтын ауруына қарамастан, Исел есімді бойжеткен отбасын құрып, ана атану үшін өмірдіӊ бар қиыншылығына көнуге дайын. "Арман алға жетелейді" демекші, Исел барлық қиындықтарға төтеп беріп, жақсылықтан үміт үзбейді.

Режиссерлері: Мұхамед Мамырбеков, Изизжан Заиров

Сценарий авторлары: Мұхамед Мамырбеков, Изизжан Заиров

Қоюшы операторы: Тимур Итенов

Қоюшы суретші: Джал Ибрагимов

Костюм жөніндегі суретші: Наталия Баженова

Атқарушы продюсері: Дина Нұрмұханова

Продюсері: Изизжан Заиров

Рөлдерде: Динара Шәріпова, Тахир Умаров, Қанағат Тасқараев, Гүлбахрам Байбосынова, Сауран Қастеев, Алмат Иділбаев және басқалары.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны