03.07.2017, 13:47 4179

"Қазақфильм" киностудиясында "Өзен" фильмініӊ түсірілім жұмыстары басталды

Естеріӊізге сала кетсек, Эмир Байғазин Халықаралық Берлин кинофестивалініӊ негізгі байқауында қатысқан тұӊғыш қазақстандық режиссер. 2013 жылы осы фестивальде оныӊ дебюттік "Асланныӊ сабақтары" фильмі "Күміс аю" жүлдесімен және "Morgen Post" гезетініӊ арнайы жүлдесімен марапатталды. Аталған туынды орта есеппен 50-ден астам фестивальдерде көрсетіліп, 25 шақты жүлделерге қол жеткізді.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында режиссер Эмир Байғазинніӊ Аслан туралы трилогияныӊ соӊғы бөлімі - "Өзен" (шартты атау) атты киножобаныӊ қорғалымы өтті.

Трилогияныӊ үшінші бөлімінде Аслан есімді жасөспірімніӊ өмірі баяндалады.

Өзінен кейінгі бауырларына қамқор және тіреу бола білсін, мінезді болып өссін деген ниетпен әкесі Асланды қатаӊдықта тәрбиелейді. Трилогияныӊ алдыӊғы екі бөлімі - "Асланныӊ сабақтары" ("Уроки гармонии") және "Төрт оқиға" ("Раненый ангел") фильмдері сынды, "Өзен" картинасы да жасөспірімдер жайлы.

- Бұл кинотуынды отбасы және адам бойындағы түрлі мінез-құлықтар туралы, - деді картинаныӊ режиссері Эмир Байғазин.

Жобаныӊ қорғалымында режиссер фильмніӊ костюм жөніндегі суретшісі Айдана Қожагелдинаны таныстырды. Суретші өз кезегінде жиналғандарға фильмдегі басты кейіпкерлердіӊ болмысы мен көӊіл-күйін айқындайтын костюмдердіӊ эскиздерін көрсетті.

Сондай-ақ, Эмир Байғазинніӊ осыған дейінгі фильмдерінде жұмыс істеген қоюшы суретші Сергей Копылов Қапшағай қаласынан 60 шақырым жерде тұрғызылған декорация туралы айтып, түсірілім локацияларын сөз қылды. "Өзен" фильмініӊ түсірілім жұмыстары Алматы облысында үстіміздегі жылдыӊ шілде айыныӊ 10-ынан басталады.

Былтыр "Өзен" фильмі үшін жасөспірімдер арасында республикалық кастинг жарияланған болатын. Ұзаққа созылған фото және бейне сынақтардан кейін 13 жастағы Асланныӊ рөліне Жалғас Кланов есімді актер бекітілді. Ал оныӊ бауырларын сомдайтын актерлар: Бағдәулет Сағындықов, Жасұлан және Руслан Өсербаевтар, Эрик Тазабеков. Икелерініӊ рөлін еліміздіӊ танымал актері Қуандық Қыстықбаев сомдайды.

Естеріӊізге сала кетсек, Эмир Байғазин Халықаралық Берлин кинофестивалініӊ негізгі байқауында қатысқан тұӊғыш қазақстандық режиссер. 2013 жылы осы фестивальде оныӊ дебюттік "Асланныӊ сабақтары" фильмі "Күміс аю" жүлдесімен және "Morgen Post" гезетініӊ арнайы жүлдесімен марапатталды. Аталған туынды орта есеппен 50-ден астам фестивальдерде көрсетіліп, 25 шақты жүлделерге қол жеткізді.

Режиссердіӊ "Төрт оқиға" фильмі де 2016 жылы ақпан айында Халықаралық Берлин кинофестивалінде тұсауы кесілген болатын. Кейін бұл кинотуынды Германияда өткен Funf Seen Filmfest фестивалінде жүлдеге, сонымен қатар Чонджуда (Оӊтүстік Корея) өткен фестивальде арнайы жүлдеге және Словакия елінде өткен Art Film Fest фестивалінде "Үздік режиссер" жүлдесіне қол жеткізді. Айта кетсек, Эмир Байғазинніӊ фильмдері тек Қазақстанда емес, сонымен қатар Еуропа елдерінде прокатқа шықты.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны