29.05.2017, 16:33 4708

"Қазақфильм" киностудиясында режиссер Ермек Тұрсыновтыӊ "Киномеханик" көркем фильмініӊ түсірілім жұмыстары басталмақ

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында "Киномеханик" (шартты атауы) атты жаӊа толықметрлі көркем фильмніӊ қорғалымы өтті. Фильмніӊ режиссері киностудияда қабырғасында бұған дейін "Келін", "Шал" және "Кенже" атты танымал трилогиясын түсірген Ермек Тұрсынов.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында "Киномеханик" (шартты атауы) атты жаӊа толықметрлі көркем фильмніӊ қорғалымы өтті. Фильмніӊ режиссері киностудияда қабырғасында бұған дейін "Келін", "Шал" және "Кенже" атты танымал трилогиясын түсірген Ермек Тұрсынов.

"Киномеханик" кинокартинасы ҚР Мәдениет және спрот министрлігініӊ тапсырысы бойынша түсірілгелі отыр. Фильм - Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соӊ елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетіп, өнер арқылы, оныӊ ішінде, кинематографтыӊ көмегімен әлемді өзгертуге болады деп сенеді.

- Фильмніӊ идеясы марқұм Меӊтай Өтепбергеновтікі. Бір күні киностудияда кездескенімізде киномеханиктер туралы ойын айтты. Кейіннен оныӊ ойын тарқатып, сценарий жазып шықтым. Сценарийді көрген сәттен бастап, ауырып жүргеніне қарамастан, басты рөлді сомдауға дайындалып, қуанып жүрді. Өйткені ол көбінде эпизодтық рөлдерде ойнап, басты рөлдер бұйырмаған актер болатын. Біз оныӊ үйінде талай кездесіп, репетиция жасап, кей сахналар туралы айтып жүрдік. Амал нешік, фильмніӊ түсірілімге шыққанын көре алмай кетті... Алайда, оныӊ есімі титрда болады, - деді режиссер Ермек Тұрсынов.

Картинаныӊ продюсері Қанат Төребай Екінші Дүниежүзілік соғыс суреттелетін сахналар өткен жылдыӊ желтоқсан айында Венгрияныӊ астанасы - Будапештте түсірілгенін айтып, түсірілген 8 минуттық бейнематериалды Эксперттік кеӊес мүшелеріне көрсетті.

- Соғыстан кейінгі жылдарды сахналауға қажетті объектілерді табу үшін Қазақстанныӊ барлық аймағын шарлап шықтық. Көрген объектілерді қорыта келе, түсірілімдерді Алматы облысы, Жаркент қаласы маӊында жүргізетін болдық. Фильмніӊ негізгі айтар ойы - ұлы кино өнерініӊ күші мен игілік эстафетасы. Біздіӊ картинамыз ХХ ғасырда кино өнерін таратушыларға бағышталады, - деп түйіндеді продюсер.

Ермек Тұрсыновтыӊ бұл фильмінде басты рөлдерді Мұрат Мақажанов және картинаныӊ қоюшы суретшісі Қуат Тілеубай сомдайды.

Продюсер Қанат Төребайдыӊ айтуы бойынша, фильмде отандық және шетелдік танымал актерлер бой көрсетеді. "Қазір ресейлік актриса Нина Усатовамен фильмге түсуі туралы келіс-сөздер жүріп жатыр", деді продюсер.

31 мамыр күні түсірілім тобы Алматы облысына түсірілімге шығады. Соӊғы түсірілімдер Алматыдағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ территориясында және Талғар қаласыныӊ Мәдениет сарайында өтеді. Қазір суретшілер ғимараттыӊ тарихи кейпін қайта келтіру жұмыстарын жасап жатыр, атап айтсақ, түсірілім кезінде Ленинніӊ ескерткіші және сол дәуірден хабар беретін атрибутикалар қойылады.

"Киномеханик" фильмніӊ аннотациясы: Солдат соғыстан қайтып келгенінде, үйініӊ есік-терезелері шегеленіп, жабулы тұрғанын көреді. Бұндай көріністі көрген ол Германияда қарт немісті өлтірмей алып қалғаны үшін, сыйға алған кинопроекторын шығарып, кино қояды. Қайтыс болған жақындарын жоқтап, қайғысынан тез айығуына фильмдер ықпал етеді. Фильмдегі кейіпкерлерді қиялдап, өмірді қайта бастауға қуат алады. Содан бастап өмірініӊ соӊына дейін ол кинопроектордан ажырамайды.

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Турсуновфильм" ЖШС бірлесе

Қоюшы режиссер және сценарий авторы: Ермек Тұрсынов

Қоюшы суретші: Қуат Тілеубай

Продюсер: Қанат Төребай

Рөлдерде: Мұрат Мұқажанов, Қуат Тілеубай, Ерболат Тоғызақов, Иісбек Ибілмәжінов және басқалар.

Режиссер туралы ақпарат:

Тұрсынов Ермек Кәрімжанұлы - кинодраматург, кинорежиссер, Қазақстан кинематографистер одағыныӊ мүшесі. 1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетініӊ журналистика факультетін бітірген.; 1990 жылы Мәскеудегі Жоғарғы сценаристер және режиссерлер курсын (А. Митта және Я. Фрид шеберлігі) тәмамдаған. Журналист, "Мегаполис" газетініӊ бас редакторы, "Қазақстан" телеарнасыныӊ бас директоры, "31 арнаныӊ" бас продюсері болып істеген.

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Толықметрлі көркем фильмдердіӊ сценарий авторы: "Сіз кімсіз, Ка мырза?" (КФ, 2009), "Чума", "Мұстафа Шоқай" (КФ, 2008), Сергей Бодровпен бірлесе, "Құрақ көрпе" (КФ, 2007), "Ближний бой" (2008), "Мытарь", "Четвертый мир", "Сабалақ" Тимур Бекмамбетовпен бірлесе, "Ибілқайыр-хан" (КФ, 1993), "Папина дочь" Сатыбалды Нарымбетовпен бірлесе, "Прыгай, я за тобой", "Караванные тропы", "Бақсы" (КФ, 2008) Гүлшат Омаровамен бірлесе, "Полковник Нода", "Мамин рай" (2009) Мохсен Махмальбафпен бірлесе, "Старая любовь" Ақтан Абдықалықовпен бірлесе, "Мәмлүк", "Келін" (КФ, 2009) және басқалар. Түсірген фильмдері: "Келін", "Шал", "Кенже", "Кемпир"" және басқалар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны