20.09.2017, 17:23 4388

"Қазақфильм" киностудиясында "Шала қазақ" фильмініӊ түсірілімдері аяқталды

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген "Шала қазақ" атты (шартты атауы) толықметражды көркем фильмніӊ түсірілім жұмыстары аяқталды.

Алматы. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген "Шала қазақ" атты (шартты атауы) толықметражды көркем фильмніӊ түсірілім жұмыстары аяқталды.

Вестерн жанрында түсірілген жаӊа кинотуынды қылмыскерлермен жалғыз өзі күреске түскен ауылдыӊ учаскелік полицейі туралы баяндайды, режиссері - Төлеген Байтүкенов.

- Біз бұл жобаға былтыр көктемнен бастап кірістік. Сол кезден сценарий көптеген өзгерістерге ұшырады. Басында комедия түсіруді жоспарлаған едік. Сценарийдіӊ соӊғы нұсқасы алты ай бұрын ғана жазылып бітті, бұл нұсқаныӊ дүниеге келуіне ACTION режессура және монтаждау шеберханасыныӊ тыӊдарманы - Андрей Тен және меніӊ жарым Инна атсалысты. Фильмніӊ қазіргі атауынан еш жұрнақ қалмады десем артық айтпаған болар едім. Фильмніӊ атауын алда міндетті түрде өзгертеміз. Фильмніӊ жанры - вестерн. Меніӊ ойымша, бұл жанрда түсірілген фильмдер Қазақстанда жоқтыӊ қасы. Вестерн түсіру үшін бізде жазық дала да, тұлпарлар да, қайратты жігіттер де бар. Және де, вестерн уақыт өте келе АҚШ қоғамында орын алған өзгерістерді айқын көрсете алды. Басқаша айтқанда, вестерн тарихы - бұл Американыӊ көӊіл-күй тарихы. Осы вестернныӊ қалыбын біздіӊ елге алып келуді бұрыннан ойлап жүргем, - деді картинаныӊ режиссері.

Естеріӊізге сала кетсек, фильмніӊ түсіру жұмыстары үстіміздегі жылы 10 тамызда басталып, 21 күнге созылған. Картинаныӊ түсіру жұмыстары Алматы облысы Қапшағай қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан "Бригадир №4" ауылында өткен.

- Жалпы, түсірілім сәтті өтті. Ирине, ұйымдастыру және шығармашылық жағынан қиындықтар болды. Түсіру барысында техникамыз істен шығып кетіп, жергілікті тұрғындар келісілген жұмыстарды орындаудан бас тартып жатты. Біресе жаӊбыр жауып, бірде жел соқты. Жазық даладағы аптап ыстықтан түсірілім тобы мүшелері ауырып та қалды. Алайда, меніӊ ойымша осыныӊ бәрі кинематографиядағы қалыпты жағдай, - деді режиссер.

Сонымен қатар, режиссер фильмдегі актерлер мен олардыӊ шеберлігі туралы сөз айтты.

- Актерлердіӊ барлығына, оныӊ ішінде эпизодтағы актерлерге де ризамын. Учаскелік полицейдіӊ рөлін жас театр актері Ақылхан Алмасов сомдап шықты. Ақыл кино актері ретінде әлі таныла қойған жоқ, алайда оныӊ болашағы зор болатынына сенімдімін. Оныӊ бойында Кененбай Қожабеков, Сүйменқұл Чокморов сынды кеӊес заманындағы қазақ және қырғыз киносыныӊ артистеріне тән бір асылдық қасиет бар. Қазіргі кезде сирек кездесетін қасиет. Ал учаскелік полицейдіӊ әйелін - Айнаны Дина Тасболатова сомдайды. Дина еӊбекқор, драма жанрындағы актриса. Ол түсірілім алаӊында барын салып ойнады. Эпизод ойдағыдай түсірілсе де, өзіне ұнамағанын алға тартып, қосымша дубль сұрап жүрді. Ал Қайсар есімді антогонист жігітті Ержан Нүсіпақынов сомдайды. Ол тәжірибелі актер. Ол кісі өлтірушіні жақсы орындап шықты деп ойлаймын.

Ал Шыӊғыс Капин Дастан есімді қылмыскердіӊ рөлін сомдады. Ол қылмыстық операцияны ұйымдастырушы. Шыӊғыс - артист болу үшін жаралған адам, нағыз Феллини кейіпкері, өте жарқын тұлға. Оныӊ түсірілім барысындағы перфоманстарын бақылаудыӊ өзі ғанибет.

Картина киноөндірісініӊ еӊ қиын монтаждау-түстеу кезеӊіне өтеді. Бұл кезеӊде жоспар бойынша фильм қараша айыныӊ ортасына дейін болады.

Фильм туралы: Өркениеттен тыс қалған ауылдыӊ бірінде учаскелік полицей ауылды басып алған қылмыскерлермен күреске түседі. Ұрланған құнды заттарға толы жүк көлігі осы ауылда сынып қалғандықтан, қылмыскерлер жүк қоймасын іздеп, осы ауылда тоқтауға мәжбүр болады.Олар екі күнніӊ ішінде жерге көмілген бағалы жүктерін қазып алып,ешкімге зиян келтірмей ауылдан қашып кетуді көздейді. Алайда, қылмыскерлердіӊ бұл жоспарлары іске аспай қалып, ауыл тұрғындарына күш жұмсайды...Тек ауылдыӊ учаскелік полицейі қылмыскерлерге төтеп беріп, өзініӊ борышын соӊына дейін өтейді.

Жанры: вестерн, драма, боевик

Қоюшы режиссер: Төлеген Байтүкенов

Сценарий авторлары: Төлеген Байтүкенов, Инна Мұқашева, Андрей Тен

Қоюшы оператор: Александр Рубанов

Қоюшы суретші: БерікболШашубаев

Дыбыс режиссері: Илья Коробейников

Атқарушы продюсер: Иділ Қожабергенов

Продюсері: Шынар Бөрібаева

Рөлдерде:Ақылхан Асылов, Дина Тасболатова, Шыӊғыс Капин, Еркебұлан Тасынов, Ержан Нүсіпақынов, Сәлім Балғазин, Марат Инербаев және басқалары.

Режиссер туралы анықтама: Байтүкенов Төлеген- сценарист, режиссер, журналист, киносыншы, Қазақстан киносыншылар ассоциациясыныӊ мүшесі. 2014 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясыныӊ Жоғарғы режиссерлар курсын "Кино режисурасы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

А.А. Эшпай және В.А. Фенченконыӊ шеберханасында дәріс алған.

Фильмографиясы: "СуперБаха" атты комикс-комедияныӊ сценарийін жазуға қатысқан, сонымен қатар теӊ режиссері (Қазақфильм, 2011), "Басқалар" қысқаметражды фильмніӊ сценарий авторы және режиссері (2014), "Өмір сынағы"сериалыныӊ идея және сценарий авторы ("7" телеарнаныӊ тапсырысы бойынша, реж Қ. Мұстафин, 2015), "Тайталас"сериалыныӊ сценарий авторы ("Хабар" телеарнасыныӊ тапсырысы бойынша, реж. А. Ыбыраев, 2016).

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны