10.04.2017, 22:54 4566

"Қазақфильм" киностудиясында "Тұмар" атты тарихи жобаныӊ түсірілімдері қолға алынды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ биылғы жылдыӊ еӊ ірі жобаларыныӊ бірі - массагеттердіӊ патшайымы туралы "Тұмар" атты тарихи жобаныӊ түсірілімдері қолға алып, дайындық жұмыстары басталып кетті.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Сатайфильм" кинокомпаниясымен бірлесе отырып биылғы жылдыӊ еӊ ірі жобаларыныӊ бірі - массагеттердіӊ патшайымы туралы "Тұмар" атты тарихи жобаныӊ түсірілімдері қолға алынып, дайындық жұмыстары басталып кетті.

Фильмніӊ Бас продюсері - Илия Назарбаева ("Анаға апарар жол"). Қоюшы режиссері - Ақан Сатаев ("Рэкетир", "Адасқандар", "Ликвидатор", "Жаужүрек Мыӊ Бала", "Анаға апарар жол").



Аталған кинотуынды б.з.д. VI ғасырдыӊ тарихынан сыр шертеді, атап айтсақ, ұлы даланы жаулап алмақ болған Кирдіӊ шапқыншылығына қиянкескі карсылық көрсетіп, оныӊ жасағын жеӊіліске ұшыратқан массагеттердіӊ патшайымы Тұмардыӊ ерлігі баяндалады. Бұл ұрысты ежелгі грек тарихшысы Геродот "Меніӊ ойымша еӊ кескілескен және ұлы шайқас болды" деп суреттеген екен. Айта кететін жайт, фильмніӊ сценарийін жазуда "тарих атасыныӊ" еӊбектері пайдаланатын болады.

- Бұл ауқымды жобаныӊ идея авторы Илия Нұрсұлтанқызы. Өздеріӊізге белгілі, "Анаға апарар жол" фильмінде бірлесіп табысты жұмыс жасадық. Енді міне, мен және меніӊ түсіру тобым аса қызығушылықпен және үлкен жауапкершілікпен осы тарихи жобаға кіріскелі отырмыз. Бүгінгі күні тарихи материалдармен танысып, сценарийді жазу және талдау, жобаныӊ өндірісін жоспарлау, түсіру тобын құру, ғалым-кеӊесшілерді жобаға тарту, алдын ала түсірілім локацияларын таӊдау сияқты дайындық жұмыстары жүргізілуде, - деді режиссер Ақан Сатаев.

Сонымен қатар, режиссер жақында жалпы республикалық кастинг жарияланатынын айтты. Фильм түсірілімі басталмай тұрып, барлық актерлер атқа жайдақ мініп, қару-жарақты асынып, садақ тартып, соғыс өнерінен сауаттарын ашу үшін алдын ала дайындықтан өтетін болады.

Фильмніӊ түсіру жұмыстары Қазақстанныӊ аумағында 2017 жылы қазан айында басталып, 2018 жылдыӊ ақпан айына дейін жалғасады. Кинотуындыныӊ сценарийін жазуға Илия Назарбаева мен Тимур Жақсылықов атсалысып отыр. Айта кетсек, түсіру жұмыстарына еліміздіӊ алдыӊғы қатардағы кино мамандары қатысады, сонымен қатар, шетелдік мамандар, оныӊ ішінде скрипт-доктор және компьютерлік графика шеберлері жұмылдырылатын болады.

Тұмар патшайым туралы баяндайтын фильм шетелдік көрермендерді де қызықтыратынын айтқан режиссер Ақан Сатаев, бұл тарихи кинотуындыныӊ тұсаукесері 2018 жылдыӊ желтоқсан айына жоспарланғанын жеткізді.

Фильм туралы: Бұл ұлы тарихи оқиға екі жарым мыӊ жыл бұрын орын алған. Фильм өз халқыныӊ бостандығы үшін күрескен, аты аӊызға айналған ұлы дала қызы - Тұмар патшайымныӊ махаббат тарихы туралы.

Бас продюсері: Илия Назарбаева

Қоюшы режиссер: Ақан Сатаев

Сценарий авторлары: Илия Назарбаева, Тимур Жақсылықов

Қоюшы операторы: Хасан Қыдырәлиев

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны