28.09.2018, 13:49 5360

"Қазақфильм" киностудиясыныӊ аумағында "Томирис" фильмініӊ соӊғы түсірілімдері жүріп жатыр

Фильм жайлы: Бұл ұлы даланыӊ аты аӊызға айналған Томирис патшайымы туралы фильм. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудыӊ тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқыныӊ тәуелсіздігі үшін сол замандағы еӊ қияметті соғыста Парсы империясыныӊ патшасы Кирмен шайқасады.

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Массагеттер патшайымы туралы - "Томирис" ауқымды тарихи фильміне арнайы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ территориясында соғылған "Вавилон" декорациясында соӊғы түсірілім жұмыстары жүріп жатыр.

Фильмніӊ бас продюсер - Илия Назарбаева ("Анаға апарар жол"). Қоюшы режиссері - Ақан Сатаев ("Ликвидатор", "Рэкетир", "Адасқандар", "Жаужүрек Мыӊ Бала", "Анаға апарар жол").

Естеріӊізге сала кетейік, былтыр сәуір айында "Қазақфильм" киностудиясы "Сатайфильм" кинокомпаниясымен бірлесе ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "Томирис" фильмін өндіріске жіберген болатын. Фильм біздіӊ заманымызға дейінгі VI ғасыр массагеттер патшайымыныӊ бастауымен байтақ даланы басып алуды көздеген парсы патшасы ІІ Кирге ойсырап төтеп бергені туралы баяндайды.

Фильмніӊ сценарий авторлары Илия назарбаева мен Тимур Жақсылықов. Фильмніӊ түсірілімдері былтыр қазан айында басталған болатын. Түсірілімдерге еліміздіӊ және шетелдіӊ кәсіби мамандары тартылған. Шетелден скрипт-доктор мен компьютерлік графика саласыныӊ мамандары шақырылған.

Жалпыреспубликалық кастингтіӊ нәтижесі бойынша басты рөлге 15 000 үміткер анықталып, актриса-дебютант Альмира Тұрсын таӊдалып алынған. Сонымен қатар, фильмде танымал отандық актерлер: Иділ Ахметов, Берік Айтжанов, Асылхан Төлепов, Азамат Сатыбалды және басқалар түседі. Кирдіӊ рөліне "Царство небесное" фильмі арқылы танылған ұлты араб америкалық актер Гасан Масуд шақырылған. Айта кетелйік, барлық бсты кейіпкерлер тренерлік дайындықтан өткен. Ұрыс сахналарын қоюшы Жайдарбек Кунгужиновтыӊ "Nomad" лагерінде атқа міну, садақпен ату, суық қаруды меӊгеру, ат үстінде пайдалана білу сынды басқа да әскери әрекеттерді үйренген. Фильм үшін қажетті реквизитті әзірленген - киім-кешек, аяқ киімі, сол дәуірге сай әшекей бұйымдар мен қару-жарақтар. Басты кейіпкерлер мен эпизодта ойнайтын актерлерге 1000 киім комплект, ал Томириске 20 костюм тігілген. Сонымен қатар, 10 мыӊ қару-жарақ жасалған.

Фильм жайлы: Бұл ұлы даланыӊ аты аӊызға айналған Томирис патшайымы туралы фильм. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудыӊ тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқыныӊ тәуелсіздігі үшін сол замандағы еӊ қияметті соғыста Парсы империясыныӊ патшасы Кирмен шайқасады.

Бас продюссер: Илия Назарбаева

Қоюшы режиссер: Ақан Сатаев

Сценарий авторлары: Илия Назарбаева, Тимур Жақсылықов

Қоюшы оператор: Хасан Қыдыралиев

Қоюшы суретші: Қуат Тлеубаев

Продюсері: Анна Чакиртова

Костюм жөніндегі суретші: Исел Шалабаева

Грим жөніндегі суретші: Лидия Ордынская

Кастинг-директор: Жайна Ибдиева

Трюктарды қоюшы: Жайдарбек Күнғожинов

Режиссер туралы ақпарат:

Ақан Сатаев - кинорежиссер, продюсер, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, "Кұлагер-2009" ұлттыӊ жүлдесініӊ лауреаты, "Құрмет" орденініӊ кавалері. 1971 жылы 23 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1988 жылы мектеп бітірген А.Сатаев облыстық телеарналардыӊ бірінде режиссер көмекшісі болып жұмыс істейді. 1989 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтыныӊ "Телеарна режиссері" факультетіне оқуға түседі. Институтты тәмамдағаннан кейін жарнамалық роликтер түсіріп көзге көрінеді. "Жас аккордионшыныӊ өмірбаяны" және "Аллажар" фильмдеріне түскен. 2003 жылы "Sataifilm" атты жеке компаниясын ашып, алғашқы толықметражды "Рэкетир" атты фильмді түсіреді. Бұл туынды прокаттыӊ алғашқы күндері-ақ миллион доллар қаржы тапқан.

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Режиссер: "Рэкетир" ("Sataifilm", 2007), "Ағайынды" ("Sataifilm", 2008, сериал), "Адасқандар" ("Sataifilm", 2009), "Ликвидатор" (КЗФ, 2011), "Жажүрек мыӊ бала" (Қазақфильм, 2012), Бауыржан Момышұлы (2013, сериал), "Хакер" ("Sataifilm", 2014), "Рэкетир 2" ("Sataifilm", 2015), "Анаға апарар жол" (Қазақфильм, 2016), "Районы" ("Sataifilm", 2016), "Она" (2017).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны