19.04.2017, 16:22 4817

"Қазақфильм" киностудиясыныӊ "Дебют" шығармашылық бірлестігі сценарийлер қабылдайтыны туралы жария етті

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметражды көркем фильмдердіӊ сценарийлерін қарастыру үшін қабылдайтын болады.

Алматы. 19 сәуір. Kazakhstan Today -Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметражды көркем фильмдердіӊ сценарийлерін қарастыру үшін қабылдайтын болады. Қойылатын шарттар:

- Байқауға Қазақстан Республикасыныӊ азаматтары ғана қатыса алады;

- Сценарий 5 пен 20 парақ аралығында қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған сценарий немесе әдеби шығармалар желісі бойынша (бір немесе бірнеше авторлар) болуы тиіс;

- Біліміӊіз арнайы немесе кинематография саласына жақын болуы қажет, сондай-ақ сценарийші немесе режиссер ретінде жасаған жобаӊыз болғаны абзал.

Сценарийлер 2017 жылдыӊ 1 мамырына дейін қабылданады.

"Дебют" ШӨБ қабылданған сценарийлердіӊ өндіріске жіберілуіне кепілдік бермейді.

Телефондар: + 7 727 302 12 62, + 7 727 313 11 35

* Сценарийде төмендегі мазмұндағы сахналар болмауы тиіс: конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді үгіттеу немесе насихаттау; Республиканыӊ тұтастығын бұзу; мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністері, сонымен қатар порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы көріністер.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны