11.04.2017, 18:12 11459

"Қазақфильм" киностудиясыныӊ фильмдері "Красногорский" спорттық кинофестивалініӊ конкурстық бағдарламасына қатысады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясында өндірілген "Жол" және "Воля к победе" атты фильмдері 2017 жылдыӊ 13-20 сәуір аралығында өтетін "Красногорский" атты 15-ші халықаралық спорттық кинофестиваліне қатысады.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясында өндірілген "Жол" және "Воля к победе" атты фильмдері 2017 жылдыӊ 13-20 сәуір аралығында өтетін "Красногорский" атты 15-ші халықаралық спорттық кинофестиваліне қатысады.

Режиссер Асқар Ұзабаевтыӊ "Жол" спорттық драмасы Қазақстандағы еӊ әйгілі спорт түрі - бокс туралы баяндайды. Картина ережесіз жекпе-жекке қатысатын жас жігіт туралы.

Режиссер Тоқтар Қарсақбаевтыӊ "Воля к победе" атты деректі фильмі классиқалық әдіспен күресетін, КСРО-ныӊ еӊбек сіӊірген спорт шебері, Қазақ КСР-ныӊ еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы, Қазақ КСР-ныӊ бірінші олимпиада чемпионы - Жақсылық Үшкемпіров туралы. Фильмде совет спортыныӊ хроникасы қолданылған.

2003-ші жылы құрылған "Красногорский" халықаралық фестиваль - Шығыс Еуропадағы және ТМД елдеріндегі ірі спорттық кинобайқау. Кинофестиваль президенті - әлемніӊ үш дүркін олимпиада чемпионы, әлемніӊ он дүркін чемпионы, он бір рет Еуропа чемпионы - Ирина Роднина.

Фестиваль мақсаты - спорттық кинотуындыларды тегін көрсету апталарын ұйымдастыру арқылы, отандық және әлемдік кинематография мәдениетініӊ құндылықтарына барлық әлеуметтік топтардыӊ кеӊінен қол жеткізуін қамтамасыз ету; соӊғы үш жылда шығарылған үздік спорттық отандық және шетелдік фильмдерді аныктау және оларды марапаттау; сондай-ақ кино мэтрлары мен жас авторлар үшін толыққанды тәжіребе алмасу мүмкіндігін құру.

Биылғы жылы фестиваль бағдарламасына рекордтық өтінімдер - 100-ге жуық спорт туралы кинотуындылар түсті. Фестивальге қатысу үшін таӊдап алынған 70-ке жуық көркем және деректі кинофильмдерді қатысушы 15 ел ұсынған. Олардыӊ арасында: Ресей, Австрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Молдова және т.б.

Конкурстық бағдарламаны бағалайтын қазылар алқасына мәдениет және қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен спортшылар кірді: Яна Батыршина - ҚР-ныӊ еӊбек сіӊірген көркем гимнастика спорт шебері, бес дүркін Еуропа чемпионы, жеті дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарыныӊ күміс жүлдегері; Березуцкая Ольга - синхрондық жүзуден спорт шебері; Наталья Билан - продюсер, сценарист және режиссер; Юлия Высоцкая - Ресейдіӊ театр және кино актрисасы; Анатолий Котенев - ҚР-ныӊ еӊбек сіӊірген артисі, Беларусь кино актерлері гильдиясыныӊ вице-президенті; Ирина Слуцкая - Ресейдіӊ танымал мәнерлеп сырғанаушысы, Олимпиада ойындарыныӊ жүлдегері; Василий Соловьев - ресейлік тележүргізуші, спорттық комментатор, актер, кино продюсер және режиссер; Бату Хасиков - Ресей кикбоксшысы, әлемніӊ кәсіпқойлар арасындағы бірнеше дүркін чемпионы, қоғамдық-саяси қайраткер; Сулав Фавакерджи - Сирияныӊ кино және теле актрисасы; Кирилл Щитов - Мәскеу қаласы Дума депутаты, дене тәрбиесі, спорт және жастар саясаты бойынша комиссия төрағасы.

Фестивальдіӊ ашылуы 13 сәуір күні 18:00-де "Подмосковье" (Красноярск) мәдениет сарайында өтеді. Жеӊімпаздар салтанатты марапаттау рәсімінде 20 сәуір күні Vegas city hall залында анықталады.

"ЖОЛ"

Фильм туралы: Алматыдағы базарлардыӊ бірінде жұмыс істеп оған қосымша жасырын өткізілетін ережесіз төбелес жарыстарына қатысып жүрген көше төбелесімен шыныққан жас жігіттіӊ өмір-тарихы баяндалады. Уақыт өте келе ол азамат өзі үшін кәсіпқой бокстіӊ рингі - өміріндегі еӊ маӊызды дүние екенін түйсінеді. Ол көше төбелесі мен қойылатын бәсақыдан құралған күнделікті тіршілігін тастап боксерлік клубқа келеді. Алайда оны өткен күндердіӊ елесі еркіне қоя беруге бейіл емес...

Өндіріс: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ы, "567 creative laboratory" студиясыныӊ қатысуымен.

Жанры: спорттық драма

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Қоюшы режиссер: Асқар Ұзабаев

Сценарий авторы: Асқар Ұзабаев

Қоюшы оператор: Азамат Дулатов

Қоюшы суретшілер: Оскар Искаков, Санжар Омаров

Композитор: Никита Караев

Рөлдерде: Назар Шархан, Дулат Жұмақадыр, Ержан Түсіпов, Димаш Ахимов, Ерік Жолжақсынов, Динара Жұмағалиева, Ерболат Тоғызақов және басқалар.

"ВОЛЯ К ПОБЕДЕ"

Жанры: деректі публицистика

Хронометражы: 60 минут

Сценарий авторлары: Тоқтар Қарсақбаев, Майра Қарсақбаева

Қоюшы режиссеры: Тоқтар Қарсақбаев

Операторы: Рустам Дауылбаев

Фильмге қатысқандар: Сауат Мыӊбаев, Асанәлі Ишімов, Роза Рымбаева, Ермахан Ибрайымов, Дәулет Тұрлыханов, Ром Ильматов, Владимир Угренинов, Вадим Псарев, Күлпан Үшкемпірова.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны