12.02.2018, 20:49 4765

"Қазақфильм" "Қыз бен теӊіз" фильмініӊ трейлерін жариялады

"Қыз бен теӊіз" фильмініӊ негізі өмірден алынған оқиғадан тұрады. Бас кейіпкер қыз АРДИ мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар ассоциациясыныӊ оӊалту орталығы тәрбиеленушісі Динара Шәріпова

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында "Қыз бен теӊіз" атты әлеуметтік драмасы толық аяқталды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша түсірілген бұл фильмді қос автор Изизжан Заиров пен Мұхамед Мамырбеков ұсынды.

"Қыз бен теӊіз" фильмініӊ негізі өмірден алынған оқиғадан тұрады. Бас кейіпкер қыз АРДИ мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар ассоциациясыныӊ оӊалту орталығы тәрбиеленушісі Динара Шәріпова. Ақ жарқын, еӊбекқор, көмек қолын әрдайым созуға дайын тұратын Динара өте өжет. Оныӊ фильмдегі есімі Исел. Оныӊ бар арманы - махаббатын кездестіріп, отбасын құру және бала табу.

Фильмніӊ түсірілімдері Алматы қаласында және Қапшағай жағалауында өткен. Фильмге түскендердіӊ барлығы дерлік кәсіби актерлер емес, мүмкіндігі шектеулі адамдар (БЦП диагнозы және психикалық даму бөгелесі бар). Ал бас кейіпкердіӊ әпкесі рөліне театр және кино актрисасы Гүлбахрам Байбосынова түскен.

Фильм туралы: Өзініӊ жазылмайтын ауруына қарамастан, Исел есімді бойжеткен отбасын құрып, ана атану үшін өмірдіӊ бар қиыншылығына көнуге дайын. "Арман алға жетелейді" демекші, Исел барлық қиындықтарға төтеп беріп, жақсылықтан үміт үзбейді.

Режиссерлері: Мұхамед Мамырбеков, Изизжан Заиров

Сценарий авторлары: Мұхамед Мамырбеков, Изизжан Заиров

Қоюшы операторы: Тимур Итенов

Қоюшы суретші: Джал Ибрагимов

Костюм жөніндегі суретші: Наталия Баженова

Атқарушы продюсері: Дина Нұрмұханова

Продюсері: Изизжан Заиров

Рөлдерде: Динара Шәріпова, Тахир Умаров, Қанағат Тасқараев, Гүлбахрам Байбосынова, Сауран Қастеев, Алмат Иділбаев және басқалары.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны