26.06.2014, 19:19 4261

"Қазақфильм" "Құнанбай" көркем фильмін түсіреді

"Құнанбай" фильмінің түсірілімі Абайдың туған жері Шығыс Қазақстан облысында өтіп, ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін жалғасатын болады.

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan today. "Қазақфильм" киностудиясы "Құнанбай" көркем фильмінің түсіріліміне кірісіп жатыр. Туынды кемеңгер ақын, ойшыл Абайдың әкесі жайында,- деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі.

"Фильм тарихи тұлғаның өмірін ғана баяндамайды, онда XIX ғасырдағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі де ашық баяндалмақ.

Фильмнің режиссері, әрі басты рольді сомдаушы - Қазақстан Республикасының халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер Досхан Жолжақсынов" делінген хабарламада.

Кино-туынды Досхан Жолжақсыновтың режиссер ретінде түсірген екінші өнімі. 2009 жылы ол "Біржан сал" фильмін түсіріп шыққан болатын. Онда да актер басты рольді өзі ойнаған.

"Құнанбай" фильмінің түсірілімі Абайдың туған жері Шығыс Қазақстан облысында өтіп, ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін жалғасатын болады.

Түсіруші топ архив құжаттарымен танысып, сол заманның болмысын зерттеп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны