08.02.2018, 16:27 5619

"Қазақфильм" сценарийлер конкурсын жариялайды

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ қарасты "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметрлі көркем фильмдер сценарийлеріне конкурс жариялайды

Алматы.8 ақпан. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ қарасты "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметрлі көркем фильмдер сценарийлеріне конкурс жариялайды. Конкурстық жұмыстар 07.02.2018 мен 07.05. 2018 аралығында қабылданады және сценарийлерді еліміздіӊ танымал кинематографистері іріктейді.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ қарасты "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметрлі сценарийлер конкурсына жұмыстарды төмендегі шарттар бойынша қабылдайды:

- Конкурсқа тек Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады;

- Ұсынымдарды қабылдау мерзімі - 07.02.2018 мен 07.05.2018 аралығы;

- Конкурсқа қысқаметражды көркем фильмдерге арналған сценарий немесе әдеби шығарма негізінде қазақ не орыс тілдерінде, 5-20 бет көлемінде жазылған сценарийлер (бір немесе бірнеше авторлар бірлесе жазған)қабылданады.

- Салалық білімі бар немесе киноға жақын сала бойынша білімі болғаны абзал;

- Конкурсқа жолданатын ұсыным тәртібі:

o Автор туралы қысқа ақпарат және оныӊ осыған дейін жасаған жұмыстары (2 бетке дейін);

o Аннотация (500 белгіге дейін);

o Синопсис (3000-4000 беліге дейін);

Конкурстық жұмыстарды үш айдыӊ көлемінде [email protected] электронды поштасы арқылы жіберуге болады.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі конкурсқа қабылданған сценарийлердіӊ өндіріске жіберілетініне кепіл бермейді және комиссия мүшелері сценарий авторларымен байланысқа шықпайды.

o Сценарийде төмендегі мазмұндағы сахналар болмауы тиіс: конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді үгіттеу немесе насихаттау; Республиканыӊ тұтастығын бұзу; мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністері, сонымен қатар порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы көріністер.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны