17.04.2018, 19:30 4217

"Қазақфильм" "Шыӊырау" фильмініӊ трейлерін жариялады

Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Шыӊырау" толықметражды көркем фильмніӊ түсіру жұмыстары аяқталды. Кинотуындыныӊ қоюшы режиссері әрі сценарий авторы - Жаӊабек Жетіруов.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Шыӊырау" толықметражды көркем фильмніӊ түсіру жұмыстары аяқталды. Кинотуындыныӊ қоюшы режиссері әрі сценарий авторы - Жаӊабек Жетіруов.

Ибіш Кекілбаевтыӊ "Шыӊырау" повесі бойынша түсірілген көркем фильм Еӊсеп есімді құдықшыныӊ өмірін, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі кездесетін қиындықтар туралы, атап айтсақ, бақталастық, менмендік, махаббат, достық пен сатқындық туралы баяндайды.

- "Шыӊырау" фильмі өз елініӊ төл тарихына бейжай қарамайтын қалыӊ жұртшылыққа арналған. Бұл пәлсапалық картинада көрініс тапқан көркем декорациялар, костюмдер және көз тоярлық әдемі табиғат аясындағы романтикаға толы сахналар, жануарлар қатысқан сахналар, Каспий теӊізі, сырға толы Маӊғыстау өӊірі ешқандай көрерменді бейжай қалдырмайды деп ойлаймын, - деді фильмніӊ режиссері.

Түсірілімніӊ барлығы дерлік Маӊғыстау облысында өтті. Фильмде Қарақия ойысы, Үстірт шоқысы және Каспий теӊізі көрініс табады. Түсірілімдер үшін Форт-Шевченко қаласына жақын жердегі Қанға ауылында декорациялар тұрғызылып, елді-мекен фактураланды. Фильмдегі басты рөлдерді Асылхан Төлепов, Алдабек Шалбаев және Айжан Жетіру сомдады.

Анықтамалық ақпарат:

Фильмніӊ атауы: "Шыӊырау"

Өндірісі: Ш.Айманов ат. "Қазақфильм" АҚ

Жанры: Драма, қазақ тілінде

Сценарий авторы және қоюшы режиссері: Жаӊабек Жетіруов

Қоюшы оператор: Рифкат Ибрагимов

Қоюшы суретші: Мұрат Кәріпов

Композиторы: Арман Жайым

Продюсері: Ертай Рахманбердиев

Режиссер туралы анықтама:

Жетіруов Жаӊабек Ибайраханұлы - кинорежиссер, Қазақстан кинематографистер одағыныӊ мүшесі, ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері. 1958 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы Қазалы ауданы Байқожа станциясында дүниеге келген. 1986 жылы Ил-Фараби атындағы "Қазақ Мемлекеттік Университетініӊ филалогия факультетін тәмамдаған. 1993 жылы Мәскеудегі сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғары курсын бітірген.

Кино өнеріне 1988 жылы келді. Отыздан астам деректі фильмдердіӊ сценарий авторы және режиссері. Режиссердіӊ қаламынан шыққан алғашқы толықметражды көркем фильмі - "Дүниежарық" картинасы.

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Деректі фильмдер: "Минус ре", (КФ, 1992), "Сезімдерді тәрбиелеу" (КФ, 1993), "Телқара" (КФ, 1995), "Илімқұл - Жамбылдыӊ немересі" ("Хабар", 1996), "Жәӊгір хан" (ҚР Президенті ТРК, 1998), "Монополист" (ҚР Президенті ТРК, 1998), "Туған жер" (ҚР Президенті ТРК, 2000), "Күн сәулесі" (ҚР Президенті ТРК, 2000), "Қала болатынын мен жақсы білемін" (ҚР Президенті ТРК, 2000), "Дән мен Дәм" (Хан Тәӊірі, 2000), "Сыр мен сырласу" ("Қазақстан", 2003), "Антиквар" (НК "Қазақстан", 2003), "Махамбет" (КФ, 2003), "Жүрегімніӊ жылуы" (НК "Қазақстан", 2003), "Балгер" (ҚР Президенті ТРК, 2003); "Кенесары" (КФ, 2005), "Оралу" ("О.Ибішев", КФ, 2005), "Үшқоӊыр алтын бесігім" (2005), "Қазақстанныӊ Ресей күндері" (КФ, 2005), "Сегіз қырлы, бip сырлы. Ш. Сарыбаев", "Желтоқсан алауы" (КФ, 2006), "Мамания" (КФ, 2006), "Ұстаз" (КФ, 2006), "Зона риска" (КФ, 2007), "Ана мерейі" (КФ, 2007) және басқалары; Көркем фильмдер: "Дүниежарық". (КФ, 2006), "Аққыз" (КФ, 2011), "Джульетта және артист" (итальян киногерлерімен бірлесіп, 2012).

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны