11.10.2018, 12:44 3933

"Қазақфильм" толықметрлі анимациялық "Мұзбалақ" фильмін прокатқа шығарады

Фильмге адам баласыныӊ бүркітті қолға үйретуі арқау болған. Оқиға желісі бойынша адам мен құс бір-біріне сенім білдіре отырып, бауыр басады. Сонымен қатар, фильмде қазақтыӊ саятшылық дәстүрі де суреттеледі.

Алматы. 11 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 18 қазанынан бастап отандық прокатқа адам мен бүркіттіӊ достығы туралы баяндайтын толықметрлі анимациялық фильм шығады. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы өндірген. Қызықты оқиғаға толық аталған фильмніӊ режиссерлері Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы.

Фильмге адам баласыныӊ бүркітті қолға үйретуі арқау болған. Оқиға желісі бойынша адам мен құс бір-біріне сенім білдіре отырып, бауыр басады. Сонымен қатар, фильмде қазақтыӊ саятшылық дәстүрі де суреттеледі.

"Қазақтар бес жасар бүркітті Мұзбалақ деп атайды. Бұл фильммен авторлар бүркіттер және олармен аӊға шығу салтын көрсетуді көздеген. Фильм қазақ тілінде жасалып, орыс тіліне дубляждалған. Кинотеатрларға фильм екі тілде шығатын болады", - деді "Қазақфильмніӊ" баспасөз қызметініӊ жетекшісі Айнұр Исаева.

Екі жыл көлемінде жасалған бұл фильмде 40-қа жуық кинематографияныӊ осы жанрында еӊбек етіп жүрген отандық мамандар істеген. Ұзақтығы 65 минут құрайтын мультфильм 2D және 3D форматында жасалған және әр секундында 24-25 кадр сурет салынған. Кейіпкерлерді дыбыстауға Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Төлебаев Ерғали Дүйсенұлы, Алма Иділқызы есімді театр және кино актерлері қатысқан.

Аннотация:

Ерте заманда адамдар кесірінен жер астындағы айдаһарға айналап келе жатқан абжылан оянып, жер бетіне шығып, маӊайын жалмап, қазақ ауылына үлкен апат әкеліп, үрей туғызады. Ол ауылды отқа орап, қарсы келгенді жалмап келе жатқанда, бір қыран бүркіт балапанын қорғап, онымен айқасады. Ақыры абжылан қайта жер астына қашып жоқ болады. Ал қыран отқа оранған ұядан балапанын алып, алысқа ұшып кетеді. Адам жұтып дәніккен абжылан күн тұтылып, өзініӊ айдаһарға айналар сәтін асыға күтеді...

Анықтамалық ақпарат:

Атауы: "Мұзбалақ"

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Жанры: толықметрлі анимациялық фильм

Тілі: қазақ

Қоюшы-режиссерлері: Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы

Сценарий авторлары: Ербол Бораншы, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы, Адай Ибілда

Қоюшы суретшілері: Адай Ибілда, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы

Композиторы: Исет Даненов

Монтаж: Тілек Төлеуғазы

Фильм директоры: Ербол Бораншы

Дыбыс режиссері: Жеӊіс Екпін

Редакторлар: Жамаш Ержанат, Салтанат Дүнгенбаева

Мәтін редакторы: Болат Жетекбай

Дыбыстарды жазған: Сергей Фигнер

Дыбыс үйлестіруші:Виталий Ткаченко

Қоюшы-режиссерлердіӊ фильмографиясы:

Тұрдыбек Майдан

1999-2001 ж. Қытайдыӊ Шәндұӊ өлкесіндегі Хызы қаласында көркем сурет колледжын оқыған. 2005-2010 ж. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында "Анимация режиссурасы" мамандығын бітірген.

Фильмографиясы:

"Илін білмеген" - 2008(4 минут)

"Ақ қаз" - 2010(10 минут)

"Тастүлек" - 2014( 23 минут)

"Бақыт жолында" - 2015(12 минут)

"Мұзбалақ" - 2017(65 минут)

Тілек Төлеуғазы

2006 - 2011 ж. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын да "Анимация режиссурасы" мамандыған бітірген.

Фильмографиясы:

"Нүктелер" - 2009 (3 минут)

"Бөгде" - 2010 (6 минут)

"Тастүлкк" - 2014 (23 минут)

"Иесі оралған мысық" - 2015 (12 минут)

"Мұзбалақ" - 2017(65 минут)

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны