17.04.2017, 18:22 5251

"Қазақфильмде" Балуан Шолақ туралы көркем фильм түсіріледі

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Дулат Исабековтіӊ сценарийі негізінде Балуан Шолақ туралы толықметрлі көркем фильм түсірмек.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Дулат Исабековтіӊ сценарийі негізінде Балуан Шолақ туралы толықметрлі көркем фильм түсірмек. Киносценарий М.Иуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанған "Жаужүрек" пьесасыныӊ желісі бойынша жазылған.

Қазіргі таӊда түсірілім тобы толықтай жасақталған. Дайындық кезеӊінде тұрған түсірілім фильмге қажетті киімдерді тігіп, реквизиттер әзірлеп, декорациялар түрғызып жатыр. Фильмніӊ түсірілімдері Алматы облысы және Солтүстік Қазақстан облысында өтеді.

Фильмніӊ режиссері Нұргелді Садығұлов. Оныӊ айтуынша бұл жобаны жүзеге асыруды көптен бері армандаған.

"Мен Балуан Шолақ тұлғасына 1998 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында оқып жүргенімде қатты қызықтым. Сол кезден бастап осы кісі жайлы фильм түсіргім келді. Балуан Шолақтыӊ бойында ақындық, серілік, әншілік және алып қара күш те бар. Оныӊ еліне, жеріне, отанға деген махаббаты әрқайсымызға үлгі боларлық. Меніӊ ойымша бүгінгініӊ жастары Балуан Шолақтай ерді білуі тиіс." - деді фильмніӊ режиссері Нұргелді Садығұлов.

Фильмніӊ сценариі бірнеше жыл бойы жазылған және қайта өӊделген. Түсірілім тобы фильмніӊ сапалы шығуы мақсатында кеӊесшілерді тартқан. Олардыӊ қатарында: көркемдік жетекшісі С.Нарымбетов, көркемдік кеӊесшілері Е.Төлеутай, Б.Ыстыбаев, Б.Беделхандар бар.

Фильмге танымал актерлермен қатар экранға алғаш шығып жатқан актерлер де түсетін болады. Фильмніӊ режиссері әзірге фильмге түсетін актерлердіӊ есімдерін атаудан бас тартып, қысқа қайырды: "Актерлер іріктелді. Алайда бас кейіпкерді әзір айта алмаймын. Себебі екі актердіӊ арасында таӊдау үстіндемін".

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Сценарий авторы: Д.Исабеков

Қоюшы режиссер: Н.Садығұлов

Қоюшы оператор: Р.Қосай

Қоюшы суретші: Е.Сүлейменов

Киім суретшісі: М.Торыбаева

Арт-продюсері: С.Ибдіхалықов

Атқарушы продюсері: Б.Байназаров

Анықтама: Садығұлов Нұргелді Серікұлы

Білімі:

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (1998 - 2002жж.) Мамандығы: деректі кино және ТВ режиссері

С.А. Герасимов атындағы бүкілресейлік мемлекеттік кинематография. (2006 - 2010жж.)

Мамандығы: көркем фильм және ТВ режиссері

Фильмографиясы:

Деректі фильмдер: "Көкпар" 1998ж., "Отшельник поневоле" 1999ж., "Ковер" 2000ж., "Соғым" 2002ж., "Скрипка и виолончель" 2003ж., "Семейный дом Купкиных" 2004ж., "Түркістан" 2007ж., "Абай" 5 серия 2012ж., "Исабеков әлемі" 2013ж.

Көркем фильмдер: "Игрушки" 2007ж. "Молоко" 2009ж. "Кредитке махаббат" 2010ж. "Зұлмат", "Біздіӊ ауыл - во!" 2011ж.

Деректі фильмдер циклы:"Саят" 2005ж., Сериал "1 сынып" 2005ж., "Ипке" 2013ж., "Ұлт мақтанышы" 2013ж.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны