13.06.2017, 15:15 4204

"Қазақфильмде" мүмкіндігі шектеулі жандар туралы әлеуметтік фильм түсірілуде

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жұмыс атауы "Девушка и море" ("Қыз бен теӊіз") атты әлеуметтік жобаны түсіруді қолға алды.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жұмыс атауы "Девушка и море" ("Қыз бен теӊіз") атты әлеуметтік жобаны түсіруді қолға алды.

Аталған фильмде БЦП-мен ауыратын Исел есімді бойжеткенніӊ өмірі баяндалады. Оныӊ бар арманы - махаббатын кездестіріп, отбасын құру. Уақыт өте Исел БЦП-мен ауыратын Тахир есімді жігітті кездестіріп, өмірі өзгереді.

Фильмніӊ режиссерлері әрі сценарий авторлары - Мұхамед Мамырбеков және Изизжан Заиров.

-"Девушка и море" фильмі мүмкіндігі шектеулі жастардыӊ өмірін баяндайтын "Безграничные возможности" дилогиясыныӊ екінші бөлімі. "Быть или не быть" атты бірінші бөлім арқылы біз БЦП-мен ауыратын жас жігіттіӊ өмірін көрсетуге тырыстық. Ал осы фильмде бойжеткенніӊ өмірін көрсетеміз. Фильм негізіне "Арди" оӊалту орталығыныӊ тәрбиеленушісі Динара Шарипованыӊ өмірі алынған. Картинада ол басты рөлді сомдайтын болады. Динара өзініӊ өмірге деген көзқарасымен, өмірсүйгіштігі және мінезініӊ жұмсақтығымен ерекшеленеді. Өзініӊ ауруына қарамастан ол толыққанды өмір сүреді. Жоғарғы білім алып, қаладағы банктердіӊ бірінде жұмыс істейді. Шығармашылыққа да өте жақын, аяғымен суреттер салып, дені сау адамдарға өз-өзіне сенуге көмектеседі. Фильмде біз оныӊ шексіз ішкі жан дүниесін ашып көрсетпекпіз, - деді фильмніӊ режиссері әрі продюсері Изизжан Заиров.

Айта кетсек, фильмде басты рөлдерді "АРДИ" оӊалту орталығыныӊ оқушылары сомдайтын болады. Мысалы, дилогияныӊ бірінші бөлімінде басты рөлді сомдаған актер, БЦП-мен ауыратын Тахир Омаров ойнайды. Сондай-ақ, фильмге Эмир Байғазинніӊ "Төрт оқиға" фильмінде басты рөлді сомдаған Қанағат Тасқараев та түседі.

- Бұл картина арқылы біз көрермендерге тек мүгедек жастардыӊ ғана емес, мүмкіндігі шектеулі барлық жандардыӊ күнделікті проблемалары туралы ашып көрсетпекпіз. Қоғамда өз орнын тауып, теӊ мүшесі болу үшін осындай адамдардыӊ өмірімен, тыныс-тіршілігімен танысқаннан кейін, көрермен оларға түсіністікпен қарап, тіпті өздерініӊ күшіне де сене алады. Біздіӊ туынды тек мүгедектерге ғана емес, сонымен қатар барлығымызға да арт-терапия болмақ, - деді режиссер Мұхамед Мамырбеков.

"Девушка и море" фильмі үстіміздегі жылдыӊ сәуір айыныӊ ортасынан бастап дайындық кезеӊде болған. Осы уақыт аралығында режиссерлік сценарий жазылып, фото және бейне байқаулар жасалып, түсірілім локациялары анықталды. Изизжан Заировтыӊ айтуына қарағанда, дайындық кезеӊ барысында барлық департаментпен, оныӊ ішінде қоюшы суретшімен, оператор және жарық түсурішілермен үлкен жұмыс атқарылған. Оған қоса, режиссер фильмніӊ актерларыныӊ дикциясын дұрыс қою үшін, күнделікті логопедтер жұмыс істегенін айтты.

Фильмніӊ түсіру жұмыстары екі ай бойы Алматы қаласында өтеді.

Фильм туралы: Өзініӊ жазылмайтын ауруына қарамастан, Исел есімді бойжеткен отбасын құрып, ана атану үшін өмірдіӊ бар қиыншылығына көнуге дайын. "Арман алға жетелейді" демекші, Исел барлық қиындықтарға төтеп беріп, жақсылықтан үміт үзбейді.

Режиссерлері: Мұхамед Мамырбеков, Изизжан Заиров

Сценарий авторлары: Мұхамед Мамырбеков, Изизжан Заиров

Қоюшы операторы: Тимур Итенов

Қоюшы суретші: Джал Ибрагимов

Костюм жөніндегі суретші: Наталия Баженова

Атқарушы продюсері: Дина Нұрмұханова

Продюсері: Изизжан Заиров

Рөлдерде: Динара Шәріпова, Тахир Умаров, Қанағат Тасқараев, Гүлбахрам Байбосынова, Сауран Қастеев, Алмат Иділбаев және басқалары.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны