26.10.2017, 16:42 7129

"Қазақфильмде" отандық кинематограф тарихына арналған көрме өтті

Көрмеге қойылған құжаттар, фотографиялар, экспонаттар, қазақ кинематографиясыныӊ тарихынан, даму кезеӊдерінен және жемісті жылдарынан сыр шертеді.

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында "Қазақстан кинематографиясы тарихынан" атты тарихи-құжаттық көрмесі өтті. Көрмеге қойылған құжаттар, фотографиялар, экспонаттар, қазақ кинематографиясыныӊ тарихынан, даму кезеӊдерінен және жемісті жылдарынан сыр шертеді. Көрмедегі материалдыӊ көбі дерлік фондтыӊ аса құнды құжаттар қатарына жатады. Аталмыш мәдени іс-шараныӊ өтуіне ұйытқы болған Қазақстан Республикасы Президентініӊ мұрағаты және Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ.

Көрме аясында ҚР Президентініӊ мұрағаты директоры Борис Жапаровтыӊ, "Қазақфильм" киностудиясыныӊ вице-президенті Серік Жұбандықовтыӊ және кино саласыныӊ танымал өкілдері - ҚР Халық артисі Нұржұман Ықтымбаевтыӊ, ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері Сатыбалды Нарымбетовтыӊ, "Қазақфильм" киностудиясыныӊ аудиовизуалды жобалар жетекшісі, ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері Олжабай Мұсабеков және де басқалардыӊ қатысуымен дөӊгелек үстел өтті.

Бұл шара Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ бес институционалдық реформасын орындау және еліміздіӊ мәдениеті мен өнерін дамытуға арналған тақырыптық көрмелер сериясы аясында өткізіліп отыр.

- Қазақстан Республикасы Президентініӊ мұрағаты құжаттары ішінде еліміздіӊ кинематография тарихы туралы құжаттар көптеп кездеседі. Бүгін солардыӊ бір бөлігін ғана көрмеге қойып отырмыз. "Қазақстан кинематографиясы тарихынан" атты бұл көрмеде қазақ киносыныӊ барлық кезеӊдерін көруге болады және ұлттық кинематографиямыздыӊ ерекшеліктерін көріп, өткен шақтыӊ атмосферасын сезінеміз. Өткенімізді бағамдау арқылы бүгінгі киномыздыӊ дамуын көре аламыз, -деді ҚР Президентініӊ мұрағаты директоры Борис Жапаров.

"Қазақстан кинематографиясы тарихынан" атты тарихи-құжаттық көрме бірнеше кезеӊдерге бөлінген: "Алғашқы қазақ көркем киноларыныӊ тарихы", "Ұлы Отан соғысы кезіндегі кинематограф", "Жылымық кезеӊіндегі кинематограф", "Қайта құру кезеӊі" және "Тәуелсіз Қазақстан кинематографыныӊ дамуы".

- Бәрімізге белгілі, тарихты тұлғалар жасайды. Ұлы тұлғалар. Ал қазақ киносы тарихында ұлы тұлғалар баршылық. Киностудия көптеген талантты режиссерлер, актерлер, операторлар, суретшілер буынын тәрбиелеп шығарды. Аты аӊызға айналған Шәкен Аймановтай, Мәжит Бегалиндей, Сұлтан-Ахмет Қожықовтай, Абдолла Қарсақбаевтай суреткерлердіӊ есімдері киностудия қабырғасына алтын әріптермен жазылған, - деді киностудияныӊ вице-президенті Серік Жұбандықов.

"Қазақстан кинематографиясы тарихынан" атты көрмеге 50-ден астам экспонат қойылған. Олардыӊ қатарында - отандық кинематографияныӊ алғашқы қадамдары туралы және киностудияныӊ қызметі туралы хабар беретін бірегей материалдар, отырыстардыӊ стенограммалары, кино жұмысшыларыныӊ өтінімдері, дубляж саласыныӊ құжаттары, фильмдердіӊ сценарийлері және оларға жазылған рецензиялар бар.

Сондай-ақ, көрмеге көркем және деректі фильмдер түсірілімі барысында жасалған фотоқұжаттар да қойылған.

Шараныӊ соӊында Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ вице-президенті Серік Жұбандықов және ҚР мұрағатыныӊ директоры Борис Жапаров естелік сыйлықтарымен алмасты: киностудияға мұрағат тарапынан студияныӊ тарихы туралы сирек кездесетін материалдар ұсынылды, ал киностудия "Қазақфильмніӊ" үздік туындыларыныӊ DVD дискілері бар "Қазақ киносыныӊ антологиясын" берді.

Ақпараттық анықтама:

Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны