07.08.2017, 19:26 4133

"Қазақфильмде" "Шала қазақ" атты фильмніӊ түсірілімдері қолға алынды

- Бұл фильм адамныӊ тағдыры мен міндеттелген парызын орындау туралы. Картинаныӊ желісінде адам табиғатына тән ынжықтық пен азғындауға құмартып тұратын қасиеті болса-дағы, оған бой алдырмай, өз таӊдауына және өзініӊ азаматтық борышына адал болып қалған жанныӊ өмірі көрсетіледі, - деді фильмніӊ қоюшы режиссері Төлеген Байтүкенов.

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында режиссер Төлеген Байтүкеновтыӊ "Шала қазақ" атты (шартты атауы) толықметражды көркем фильмніӊ қорғалымы өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсіргелі жатқан кинотуынды қылмыскерлермен күреске түскен ауылдыӊ учаскелік полицейі туралы баяндайды.

- Бұл фильм адамныӊ тағдыры мен міндеттелген парызын орындау туралы. Картинаныӊ желісінде адам табиғатына тән ынжықтық пен азғындауға құмартып тұратын қасиеті болса-дағы, оған бой алдырмай, өз таӊдауына және өзініӊ азаматтық борышына адал болып қалған жанныӊ өмірі көрсетіледі, - деді фильмніӊ қоюшы режиссері Төлеген Байтүкенов.

Айта кетсек, "Шала қазақ" фильмі режиссердіӊ жеке өзі түсіргелі жатқан алғашқы жұмысы. 2011 жылы ол "Қазақфильм" киностудиясында жарыққа шыққан "Супер Баха" атты комедияныӊ сценарийін жазуға атсалысып, фильмніӊ теӊ режиссері болды. Кейін Төлеген Байтүкенов киностудияныӊ "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігінде "Тұшпара және Рахманинов" атты қысқаметражды фильм түсірген. Бұл фильмніӊ сценарийін де автордыӊ өзі жазған.

Айта кетсек, аталған жобаныӊ қорғалымына еліміздіӊ танымал кинематографистері қатысты, олардыӊ қатарында, киностудияныӊ "Көркем фильмдер" шығармашылық-өндірістік бірлестігініӊ жетекшісі, белгілі кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов та болды. Ол фильмніӊ сценарийі біршама өзгергенін және оны жазуда біраз жұмыс атқарылғандығын байқағанын айтып, кәсіби киногерлерден құралған шығармашылық топқа сәттілік тіледі.

Фильмде басты рөлдерді Ақылхан Асылов, Дина Тасболатова, Шыӊғыс Капин сынды жас актерлер сомдайды."Шала қазақ" фильмініӊ экшн-қойылымдарын жүзеге асыру үшін Баходыр Жалметов бастаған "Жал" атты каскадерлық ассоциациясыныӊ тобы тартылған.

Фильмніӊ түсіру жұмыстары үстіміздегі жылы 10 тамызда басталады. Режиссердіӊ айтуына қарағанда картинаныӊ түсіру жұмыстары бір аймақта - Алматы облысы Қапшағай қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан Бригадир ауылында өтеді.

Фильм туралы:Өркениеттен тыс қалған ауылдыӊ бірінде учаскелік полицей ауылды басып алған қылмыскерлермен күреске түседі. Ұрланған құнды заттарға толы жүк көлігі осы ауылда сынып қалғандықтан, қылмыскерлер жүк қоймасын іздеп, осы ауылда тоқтауға мәжбүр болады.Олар екі күнніӊ ішінде жерге көмілген бағалы жүктерін қазып алып,ешкімге зиян келтірмей ауылдан қашып кетуді көздейді. Алайда, қылмыскерлердіӊ бұл жоспарлары іске аспай қалып, ауыл тұрғындарына күш жұмсайды...Тек ауылдыӊ учаскелік полицейі қылмыскерлерге төтеп беріп, өзініӊ борышын соӊына дейін өтейді.

Жанры:вестерн, драма, боевик

Қоюшы режиссер: Төлеген Байтүкенов

Сценарий авторлары: Төлеген Байтүкенов, Инна Мұқашева, Андрей Тен

Қоюшы оператор: Александр Рубанов

Қоюшы суретші: БерікболШашубаев

Дыбыс режиссері: Илья Коробейников

Атқарушы продюсер: Иділ Қожабергенов

Продюсері: Шынар Бөрібаева

Рөлдерде:АқылханАсылов, Дина Тасболатова, ШыӊғысКапин, Еркебұлан Тасынов, Ержан Нүсіпақынов, Сәлім Балғазин, Марат Инербаевжәне басқалары.

Режиссер туралы анықтама: Байтүкенов Төлеген- сценарист, режиссер, журналист, киносыншы, Қазақстан киносыншылар ассоциациясыныӊ мүшесі. 2014 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясыныӊ Жоғарғы режиссерлар курсын "Кино режисурасы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

А.А. Эшпай және В.А. Фенченконыӊ шеберханасында дәріс алған.

Фильмографиясы: "СуперБаха" атты комикс-комедияныӊ сценарийін жазуға қатысқан, сонымен қатар теӊ режиссері (Қазақфильм, 2011), "Басқалар" қысқаметражды фильмніӊ сценарий авторы және режиссері (2014), "Өмір сынағы"сериалыныӊ идея және сценарий авторы ("7" телеарнаныӊ тапсырысы бойынша, реж Қ. Мұстафин, 2015), "Тайталас"сериалыныӊ сценарий авторы ("Хабар" телеарнасыныӊ тапсырысы бойынша, реж. А. Ыбыраев, 2016).

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны