05.05.2017, 18:03 9236

"Қазақфильмде" түрік кинематографистерімен кездесу өтті

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясына танымал түріктіӊ режиссері Кәміл Коч және "Қожа Ахмет Яссауи білім және парасат" қоғамдық қорыныӊ президенті Ахмет Яхши келді.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясына танымал түріктіӊ режиссері Кәміл Коч және "Қожа Ахмет Яссауи білім және парасат" қоғамдық қорыныӊ президенті Ахмет Яхши келді.

Кәміл Коч Қазақстанға "Қазақфильм" киностудиясымен және жалпы қазақ кинематографиясымен танысу мақсатында келген. Қонақтар "Қазақфильм" киностудиясыныӊ президенті Бақыт Қайырбековпен кездесті.

Кездесу кезінде Кәміл Коч Бақыт Қайырбеков арнайы қабылдағаны және еліміздіӊ еӊ үлкен кинофабрикасымен танысуға мүмкіндік жасағаны үшін алғысын білдіріп, былай деді: "Уақытыӊызды бөліп, мені қабылдағаныӊыз үшін алғыс айтамын. Тарихы тереӊ киностудия аумағыныӊ әдемілігіне сүйсініп отырмын".

Сондай-ақ кездесу барысында Кәміл Коч түркі халықтары фильмдерін өндіру және қаржыландыруға бағытталған кино қорын құру туралы ұсыныс тастап, Қожа Ахмет Яссауи жайында фильм түсіруге қызығушылық танытатынын және бұл жобаны "Қазақфильммен" бірлесіп іске асыруды қалайтынын айтты.

Өз кезегінде Бақыт Қайырбеков болашақта ашылатын түркі тілдес халықтарыныӊ фильмдері қоры құрылуына тілектес екендігін айтты: "Киностудиямызға келгендеріӊізге қуаныштымыз және түрік кинематографистерімен бірлесіп жұмыс жасауға әрдайым дайынбыз. Киностудияныӊ бағыттарыныӊ бірі - шетелдік студиялармен бірлескен жобаларды іске асыру. Оныӊ үстіне жасалатын фильмдер ортақ тарихымыздан хабар береді. Киностудияныӊ меншігінде Смағұл Елубай ағамыз жазған "Яссауи" атты дайын сценарий бар және бірлесіп жұмыс жасайтын жағдайда сіздерді автормен таныстырамыз. Сондай-ақ, біздіӊ фильмдер Түркияныӊ кинофестивальдеріне, атап айтқанда, қонағымыз Кәміл Коч мырза басқаратын "Босфор" фестиваліне жыл да қатысып жүлдемен оралатынын қуанышпен айтқым келеді".

"Қазақфильм" қызметкерлері қонақтарға киностудия аймағы бойынша экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында қонақтар "Қазақ Елі" сериалыныӊ декорациясын аралады.

Анықтама:

Кәміл Коч

Түрік кинорежиссері, сценарист

"Eskimez Film Production Company" компаниясыныӊ директоры

Ыстамбұл өнер және мәдениет орталығыныӊ төрағасы

Түрік фильмі продюсерлері қауымдастығыныӊ мүшесі

Фильмографиясы:

"Түрік фильмініӊ ғасыры" деректі фильм

"Асфальт гүлдері" көркем фильм

"Темір етік, темір таяқ" көркем фильм

"Біздіӊ ауылдыӊ әйелдері" көркем фильм

"Соӊғы кезеӊдегі түрік фильмі" деректі фильм

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны