20.04.2018, 22:55 5680

"Қазақфильмніӊ" қысқа метрлі фильмдері Канн кинофестивалінде көрсетіледі

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген қысқаметражды фильмдер мамырдыӊ 8-і мен 19-ы аралығында Францияда өтетін Халықаралық Канн кинофестивалініӊ Short Film Corner бағдарламасы аясында көрсетілетін болады

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген қысқаметражды фильмдер мамырдыӊ 8-і мен 19-ы аралығында Францияда өтетін Халықаралық Канн кинофестивалініӊ Short Film Corner бағдарламасы аясында көрсетілетін болады.

Илемдік қысқа метрлі фильмдерге арналған Канн фестивалініӊ кәсіби бөлімі - Short Film Corner бағдарламасы аясында отандық екі кинотуынды - "Тығылмақ" және "Асан" атты фильмдер көрсетіледі. Аталған бағдарламаныӊ басты мақсаты - кино әліміндегі кәсіби киногерлердіӊ басын қосып, жас режиссерлер мен продюсерлер, сондай-ақ әлемніӊ түкпір-түкпірінен жиналған дистрибьюторлар арасында байланыс орнату. Осы бағдарлама аясында көрсетілген фильмдер халықаралық кинофестивальдерге жолдама алып, халықаралық серіктестер және дистрибьютор табуға мүмкіндіктері бар.

Биыл Short Film Corner бағдарламасына қатысуға көптеген елдіӊ режиссерлері атынан 2000-нан астам тапсырыс келіп түскен. Жыл сайын ұлғаятын бұл көрсеткіш қысқа метрлі фильмдерге деген қызығушылықтыӊ артып келе жатқанын көрсетеді.

Айта кетсек, "Тығылмақ" және "Асан" фильмдері былтыр "Қазақфильм" киностудиясындағы "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі ұйымдастырған сценарийлер конкурсында жеӊске жетіп, өндіріске жіберілген болатын.

Режиссер Венера Қайыржанова түсірген "Тығылмақ" фильмі ересектер проблемасына куә болған екі кішкентай қыз туралы баяндайды. Олар сол жағдайдан қашып, өз балалар әлеміне жасырынамыз деп, көшеде "тығылмақ" ойнайды.

Бұл туынды Санкт-Петербор қаласында өткен V халықаралық "Inтоннация" дыбыс режиссерлерге арналған кинофестивальде Григорий Франк атындағы арнайы жүлдемен марапатталды (фильмніӊ дыбыс режиссері Қойшын Қанай).

Ал режиссер Берік Жахановтыӊ "Асан" фильмінде көп жылдары әкесін көрмесе де, оны ақтық сапарға шығарып салуға барған жігіттіӊ өмірі суреттеледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны