19.08.2018, 13:15 4942

"Қазақфильмніӊ" жүзден астам кинокартинасы ТМД мен Шығыс Еуропаныӊ ірі видеосервисіне шықты

1 қыркүйектен бастап қазақстандық студияныӊ жүзден астам фильмнен тұратын каталогы бүкіл әлемге қол жетімді болады.Жиын барысында киностудия өндірген картиналар ТМД мен Шығыс Еуропадағы ірі видеосервистердіӊ бірі MEGOGO-ге шығарылғанын хабарлады.

Алматы. 19 тамыз. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 16 тамызда Алматыда "Қазақфильм" киностудиясында баспасөз жиыны өтті. Жиын барысында киностудия өндірген картиналар ТМД мен Шығыс Еуропадағы ірі видеосервистердіӊ бірі MEGOGO-ге шығарылғанын хабарлады. 1 қыркүйектен бастап, қазақстандық студияныӊ жүзден астам фильмнен тұратын каталогы бүкіл әлемге қол жетімді болады. Баспасөз отырысындағы спикерлер: "Қазақфильм" атынан сату және маркетинг секторы жетекшісініӊ міндетін атқарушы Жанна Манабай, аталған сектордыӊ менеждері Маржан Бейбітова, баспасөз қызметініӊ жетекшісі Айнұр Исаева және MEGOGO компаниясы атынан Видеосервистіӊ Орталық Азиядағы кеӊсесініӊ бас директоры Нұрлан Чукубаев болды.

Видеосервистіӊ Орталық Азиядағы кеӊсесініӊ бас директоры Нұрлан Чукубаев: "MEGOGO-діӊ контент саясатыныӊ бір бағыты - жергілікті өндірілген фильмдердіӊ көрсетілімі. Бұған әлеуметтік сұраныс бар және мәдени маӊызы да бар," -деді. "Соӊғы жылдардағы қазақстандық фильмдер әлемдік деӊгейде мойындауға лайықты. Бізде көрсететін дүние бар. Егер барлық фильм шетелдік кинотеатрларда көрсетілмесе, жинақталған каталогқа көрермен онлайн түрде қол жеткізе алады. Оныӊ үстіне, каталог ХХ ғасырдыӊ шедеврлеріне толы," - деп Нұрлан Чукубаев ерекше атап өтті.

Қазіргі уақытта "Қазақфильм" АҚ-ныӊ онлайн-кинотеатрға ұсынған ұлттық киномұрағатында 150 фильм бар. Оныӊ ішінде 148 көркем фильм, 1 деректі фильм ("Мәдени мұра" атты 10 сериялық цикл), 1 сериал ("Астана - махаббатым меніӊ" көп сериялы фильм) бар. Қол жетімді картиналар платформасында қазақ киносыныӊ алтын қорына енген: "Меніӊ атым Қожа", "Қыз-жігіт", "Біздіӊ сүйікті дәрігер", "Тақиялы періште", "Көксерек", "Қыз Жібек" және т.б. көптеген фильмдер бар. 2018 жылдыӊ 28 шілдеде жасалған киностудия мен MEGOGO видеосервисініӊ арасындағы келісім-шартқа сәйкес контентті пайдалану ақылы болады. "Қазақфильмніӊ" контентін орналастырудан басқа келісім-шарт негізінде MEGOGO видеосервисінде киностудияныӊ жобаларына ақпараттық қолдау көрсетіледі, сондай-ақ осы видеоконтентті лицензиясыз қолдануға қарсы күресті қамтасыз етеді.

"Киностудия өндірген фильмдерге интернет желісінде сұраныс бар. Сондықтан да біз аталған видеосервиске контентімізді шығарып отырмыз. Фильмдер қазақ және орыс тілдерінде қол жетімді болады. Бұл жобаныӊ іске асуы қазақ киносын насихаттауда маӊызы зор деп білеміз", - деді "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметініӊ жетекшісі Айнұр Исаева.

MEGOGO-діӊ бір айдағы аудиториясын 40 млн. пайдаланушы құрайды. Ресурс каталогында 77 000 видео бар: 5000 көркем фильм және сериал, 1500-ден астам мультфильм, шамамен 45 000 телевизиялық шоу, концерттер мен музыкалық видео, сондай-ақ 20 000 жаӊалық бағдарламасы.

Анықтамалық ақпарат:

MEGOGO - Шығыс Еуропа мен ТМД-дағы ірі халықаралық видеосервис, бүкіл отбасы үшін жеке телеарна. Ай сайын 50 миллионнан астам қолданушылар MEGOGO сайтында фильмдер мен теледидар көреді.

Ресурс каталогы - 80 мыӊға жуық видео: көркем және деректі фильмдер, мультфильмдер, сериалдар, әйгілі ТВ-бағдарламалар мен шоулар, спорт пен мәдени шаралардыӊ тікелей көрсетілімі, влогтар, трэвел-шоулар және т.б. MEGOGO-діӊ FOX, Universal, SONY, WaltDisney, MGM, Miramax, Warner Brothers, Paramount Pictures, BBC, Euronews, DiscoveryCommunications, Viacom, сынды әйгілі студиялармен келісім-шарты бар және сервистегі тұтас контент толықтай заӊды.

MEGOGO-дегі кино мен ТВ-ні барлық құрылғылардан көруге болады: Smart TV-де, компьютерде, планшетте, смартфонда, ойын консольдер мен медиа-қосымшаларда.

"Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ" - Қазақстандағы негізгі киноалаӊ, өндіріспен және көркем фильмдердіӊ, деректі және анимациялық фильмдердіӊ пост-продукциясымен айналысады. Киностудия 1934 жылы Алматы киномұрағат студиясы болып құрылды, 1936 жылы алғашқы деректі фильмдерді ұсына бастады. 1941 жылдыӊ 15-қарашасында Алматы киностудиясы "Мосфильм" және "Ленфильм" киностудиясымен бірге Алматыда 1944 жылға дейін жұмыс істеген және соғыс жылдарында отандық көркем фильмдердіӊ 80 %-ын шығарған Біріккен киностудиялар орталығы - БКО-ға қосылды.1960 жылдыӊ 9 қаӊтарында Алматы көркем және хроникалық фильм киностудиясын "Қазақфильм" киностудиясы деген атауға ауыстырды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтыӊ аты берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны