01.11.2012, 17:04 2894

"Kazakhstan Information Technologies -2012" көрме-конференциясы өтті

Бұл туралы бүгін "Kazakhstan Information Technologies -2012" көрме-конференциясы барысында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті.

Астана. 1-қараша. Kazakhstan Today - "Kazakhstan Information Technologies -2012" көрме-конференциясы жұмысына ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ІТ - технологиялар саласындағы отандық компаниялар соңғы 5 жылда айтарлықтай кәсіби тұрғыда өсті.

Бұл туралы бүгін "Kazakhstan Information Technologies -2012" көрме-конференциясы барысында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті.

"Елімізде ІТ - саласы жыл сайын 13-18 пайызға өсіп келеді. Осыған байланысты бұл көрсеткішке тек мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар жеке компаниялар да ықпал етуде. Бұл өз кезегінде бизнестің өсіп отырғанын, сондай-ақ олардың әл-ауқаты артып келе жатқандығын көрсетеді",-деді вице-министр.

Осы орайда ол бұл саладағы қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі де қарқын алып келе жатқанын тілге тиек етті.

"Соңғы 5 жылда біздің нарық айтарлықтай кәсіби тұрғыда өсті. Көптеген мемлекеттік жобалар, яғни оның ішіндегі "электрондық үкімет" жобасы негізінен отандық компаниялармен жүзеге асырылуда. Шамамен бұл көрсеткіш 80 пайызды құрап отыр",-деп атап өтті С. Сәрсенов.

Айта кетейік бүгінгі шара барысында саланың түрлі бағыттарын қамтып отырған 20-дан астам үздік жобалар іріктелініп, көпшілік назарына ұсынылды.

"Ақпараттық Қазақстан-2020" Мемлекеттік бағдарламасы жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін.

Қазіргі кезде қазақстандық компаниялардың алдында тек қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар өздерінің жеке бағдарламалық жасақтамаларын өндіріп шығару мақсаты қойылды.

"Ол үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ақпараттық Қазақстан-2020" Мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленді. Атап айтқанда, бағдарламаның жобасы қолда бар. Біз оны Үкіметтің қарауына енгізбекпіз. Менің ойымша, жыл соңына дейін бұл құжат қабылданады",-деді вице-министр.

С. Сәрсеновтың сөзінше, бағдарламада қазақстандық ІТ- компанияларына мемлекеттік қолдау көрсетудің көптеген тетіктері ескерілген. Оның пайымдауынша, бағдарлама нарықта еліміздің бұл саласын дамытуға елеулі үлес қоспақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны