25.10.2016, 18:12 3775

"KazakhTV" телеарнасы жаӊа форматта шықты

25 қазаннан бастап "Kazakh TV" және "Білім және Мәдениет" арналары бір "Kazakh TV" атауымен таралады. Арна Қазақстан тарихы,мәдениет, дәстүр, туралы бағдарламаларын көрсетілімін жалғастырады

Алматы. 25 қазан. KazakhstanToday - 2016 жылдыӊ 25 қазаны күні Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтыӊ қатысуымен жаӊарған "Kazakh TV" арнасы ресми іске қосылды.

Министр "Kazakh TV" арнасыныӊ ұжымы және БАҚ өкілдерімен кездесіп, арнаға және қызметкерлеріне құттықтау сөзін жолдады. Өз сөзінде Министр мемлекетімізді халықаралық деӊгейде танытудыӊ маӊыздылығы және Қазақстанды шет елдерде әйгілі етуде "Kazakh TV" арнасыныӊ рөлініӊ тиімділігіне тоқталды.

Арна директоры Андрей Тараковтыӊ айтуынша: "25 қазан күні көрермен "Kazakh TV" арнасын жаӊа бейнеде, сондай-ақ жаӊа қызықты жобалармен көреді. Алайда арна әрі қарайда Қазақстанныӊ ерекше әлеміне жол сілтеуші міндетін атқаруын жалғастыруда".

Жаӊа эфирлік безендірулермен қатар арна логотипі де ауысты. "Kazakh TV" телеарнасыныӊ логотипі графикалық және вербальді элементтерден тұрады: дала қыраныныӊ бейнесі "Kazakh TV" атауымен төртбұрышқа енгізілген. Дала қыраны қазақ қалқы үшін еркіндік, тәуелсіздік және мақсатқа жету мағынасын білдіреді. Тәуелсіз Қазақстан үшін қыран жаӊа белестерді бағындыру мағынасын берсе, арна үшін де - халықаралық телевидение кеӊістігініӊ шыӊдарына ұмтылудыӊнышанына іспеттес.

25 қазаннан бастап "Kazakh TV" және "Білім және Мәдениет" арналары бір "Kazakh TV" атауымен таралады. Арна Қазақстан тарихы,мәдениет, дәстүр, туралы бағдарламаларын көрсетілімін жалғастырады. Арна HotBird 13B, Galaxy 19 және AsiaSat 5 спутниктік платформасыныӊ көмегімен қазақ және ағылшын тілдерінде эфирге шығады. Отандық көрермендерге қазақ және орыс тілдерінде спутниктік және кабельдік арналар арқылы қол жетімді болады.

Жаӊа телевизиялық маусымда арна контенті шетелдік бизнестіӊ келешегі, бизнес және демалыс үшін туристік секторлармүмкіндігіне тоқталатын, сондай-ақ Қазақстанныӊ мәдени-тарихи мұрасын бейнелейтін тақырыптық блоктарға бөлініп толығады.

Қысқаша мәлімет:

"KAZAKH TV" өзініӊ алғашқы көрсетілімін 2002 жылдыӊ 25 қазаны күні бастады. "Хабар", "Хабар 24" арналарымен қатар "Kazakh TV" арнасы "Хабар" Агенттігі" АҚ телеотбасыныӊ бір бөлігі болып табылады. Спутниктік арна көмегімен әлемніӊ 118 мемлекетіне тарайды. Олардыӊ арасында Солтүстік және Орталық Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралия және Океания, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оӊтүстік Кавказ елдері бар. Арна форматы - ақпараттық-танымдық. Барлық бағдарламаларды арнаныӊ www.kazakh-tv.kz сайтынан көруге болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны