23.12.2014, 16:09 3190

Қазақ-қырғыз шекарасы арқылы қомақты қаржысын жасырын түрде алып өтпек болған азамат ұсталды.

Оӊтүстіктегі Қордай шекара отрядына қарасты "Кордай авто" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары 2 млн. 680 мыӊ теӊгені жарияламай, жасырын түрде Қырғызстанға алып өтпек болған 34 жастағы заӊ бұзушыны ұстады. Оныӊ жеке басын тексеру кезінде қолсөмкесінен шыға келген қомақты соманыӊ қажетті құжаттарын көрсете алмады.

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстіктегі Қордай шекара отрядына қарасты "Кордай авто" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары 2 млн. 680 мыӊ теӊгені жарияламай, жасырын түрде Қырғызстанға алып өтпек болған 34 жастағы заӊ бұзушыны ұстады. Оныӊ жеке басын тексеру кезінде қолсөмкесінен шыға келген қомақты соманыӊ қажетті құжаттарын көрсете алмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұсталған азамат ҚР Қылмыстық кодексініӊ 209-бабыныӊ 1-тармағы бойынша "Қордай" кеден бекетініӊ қызметкерлеріне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны