20.07.2016, 10:55 3790

Қазақ-қырғыз шекарасы арқылы үлкен көлемдегі құс етін заӊсыз өткізбек болған азаматтыӊ жолы кесілді.

Қордай шекара отрядына қарасты "Қарасу - авто" бақылау - өткізу бекетініӊ шекрашылары салмағы 8 тонна болатын үйректіӊ етін жасырын өткізуге тырысқан Қырғызстан азаматын ұстады.

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - Қордай шекара отрядына қарасты "Қарасу - авто" бақылау - өткізу бекетініӊ шекрашылары салмағы 8 тонна болатын үйректіӊ етін жасырын өткізуге тырысқан Қырғызстан азаматын ұстады.

Аталған жүк 37 жастағы қырғызстандық азаматтыӊ тіркемелі "Даф" жүк көлігініӊ жасырын бөлігінен табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған дерек бойынша Қордай аудандық прокуратурасы хабарландырылды. Ал жүктіӊ өзі Қарасу ауылындағы ветеринарлық қызмет өкілдеріне тапсырылды.



ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны