27.10.2016, 15:00 3991

Қазақ-қырғыз шекарасында 20 бас жылқы ұсталды

Оларды айдап әкеле жатқан 2 салт атты шекарашыларды байқап қалысымен көрші мемлекеттіӊ аумағына барып жасырынды.

Алматы. 27 қазан. Kazakhstan Today - Қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан Тараз шекара отрядына қарасты "Көгершін" комендатурасыныӊ шекара наряды мемлекеттік шекарадан 1,5 шақырым қашықтықтағы "Шұӊқыр" асуынан асып келе жатқан бір топ жылқыны ұстады. Жылқылардыӊ жалпы саны 20 бас болып шықты, aai oaaa?eaeau ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Оларды айдап әкеле жатқан 2 салт атты шекарашыларды байқап қалысымен көрші мемлекеттіӊ аумағына барып жасырынды.

Аталған іске қатысты Қырғыз Республикасындағы әріптестер мен Жамбыл облысыныӊ құқық қорғау органдары хабарландырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны