05.02.2016, 10:54 3389

Қазақ-қырғыз шекарасында 20кг жуық героин тәркіленді

Елміздіӊ оӊтүстігіндегі қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан "Қарасу - авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары шекара арқылы есірткі заттарын өткізуге тырысқан 1981 жылы туылған Бейсенбаев О. есімді қырғызстандық азаматты ұстауға мәжбүр болды

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Елміздіӊ оӊтүстігіндегі қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан "Қарасу - авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары шекара арқылы есірткі заттарын өткізуге тырысқан 1981 жылы туылған Бейсенбаев О. есімді қырғызстандық азаматты ұстауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған азаматтыӊ "Мерседес Бенс" автокөлігіне шекаралық бақылау өткізу кезінде қызметтік ит бактыӊ маӊайын иіскелеп тұрып алды. Ал шекарашылар арнайы құралдыӊ көмегімен бактыӊ ішін қарағанда оныӊ ішінде жатқан 20 шақты түйіншектерді байқады. Салмағын өлшеп жібергенде 19 кг 695 гр. болып шықты. Өзіндік иісі - есірткіге ұқсайды. Сараптамашылар сол жерде сараптама өткізіп, түйіншектердіӊ барлығыныӊ героин екендігін дәлелдеп берді.

Аталған оқиға бойынша материалдар Жамбыл облысы Қордай аудандық ішкі істер бөліміне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны