01.02.2016, 09:57 3505

Қазақ-қырғыз шекарасында шекарашылар бір тоннаға жуық қой етін өткізбек болған азаматтыӊ жолын кестіБір тоннаға жуық ет

Қордай шекара отрядыныӊ "Қарасу - авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары Қырғызстаннан 38 қорап етті заӊсыз өткізуге әрекеттенген 34 жастағы қырғыз азаматын ұстады. Қораптағы етті өлшегенде жалпы салмағы 900 кило болып шықты.

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақ-қырғыз шекарасында шекарашылар бір тоннаға жуық қой етін өткізбек болған азаматтыӊ жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қордай шекара отрядыныӊ "Қарасу - авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары Қырғызстаннан 38 қорап етті заӊсыз өткізуге әрекеттенген 34 жастағы қырғыз азаматын ұстады. Қораптағы етті өлшегенде жалпы салмағы 900 кило болып шықты.

"ДАВ" автокөлігімен келе жатқан азаматқа қатысты материалдар Жамбыл облысы Қордай аудандық ветеринарлық қызметіне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны