27.04.2015, 18:36 3881

Қазақ-қытай шекарасындағы қазақстандық шекарашыларымыз заӊсыз өтіп бара жатқан үлкен көлемдегі жүкті анықтады.

Оқиға төмендегіше болды. Атақты "Достық" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары Қазақстан-Қытай бағытындағы жүк вагондарын тексеріп жүрген кезде бір вагонға пломбы салынбағандығын байқайды

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Оқиға төмендегіше болды. Атақты "Достық" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары Қазақстан-Қытай бағытындағы жүк вагондарын тексеріп жүрген кезде бір вагонға пломбы салынбағандығын байқайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Вагонды тексеріп қарағанда оныӊ ішінен 24 қап жүк табылды. Жүкті ашқан кезде оныӊ ондатра терісі екендігі анықталды. Жалпы салмағын таразыға тартқанда 650 килограмм болып шықты.

Аталған дерек бойынша Алматы облысыныӊ құқыққорғау органдары хабарландырылды, тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны