14.08.2015, 13:36 3711

Қазақ-Қытай шекарасындағы шекарашылар контрабандалық 3 центнер дәрі-дәрмекті ұстады

Еліміздіӊ шығысында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары қазақстандық азаматшаны ұстауға мәжбүр болды

Астана. 14 Тамыз. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ шығысында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары қазақстандық азаматшаны ұстауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шекаралық тексеру барысында отандасымыз елімізге қарай алып өтпек болған - салмағы 3 центнерден асатын (330кг) дәрі-дәрмегіне қажетті құжаттарды көрсете алмады.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны