09.02.2015, 11:36 4022

"Қазақмыс" Исем Шаяхметоваға ай сайын 750 мыӊ теӊге көлемінде жәрдемақы төлейді

"Қазақмыс" корпорациясы АН-2 ұшағында қаза бол ған және зардап шеккен қызметкерлердіӊ отбасыларына өтемақы төлеуге шешім қабылдады, деп хабарлайды копорацияныӊ баспасөз қызметінен

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақмыс" корпорациясы АН-2 ұшағында қаза бол ған және зардап шеккен қызметкерлердіӊ отбасыларына өтемақы төлеуге шешім қабылдады, деп хабарлайды копорацияныӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ініӊ 3 жақты: жұмыс беруші, жұмыскерлер және кәсіподақ ұйымыныӊ біріккен ұжымдық шартында көрсетілгендей, жұмыс кезінде қаза тапқан жұмыскерлердіӊ отбасына, асыраушысынан айырылған жағдайда орташа жалақыныӊ 10 жылдық үстемақысы бірден төленеді. Сонымен қатар, қайтыс болғандардыӊ кәмелетке толмаған балаларына кәмелет жасына толғанға дейін ай сайын тұрақты жәрдемақы тағайындалады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Исем Шаяхметоваға емі аяқталып, жазылғаннан кейін, емніӊ жалпы сомасы анықталған соӊ төлемақы төленеді. Компания барлық емдеуге кеткен шығынды өз мойнына алады. Сонымен қатар Асем Шаяхметоваға ем қабылдау кезінде оған ай сайын 750 мыӊ теӊге көлемінде жәрдемақы төленіп тұрады. Компания бірінші күннен бастап Исем Шаяхметованыӊ ата-анасыныӊ Астана қаласында тұруын қамтамасыз етуде. Исемніӊ емі біткенге дейінгі жалға алған ата-анасыныӊ пәтерақысын компания төлейтіндігі туралы шешім қабылданған.

Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу және ұйымдастыру шығынын да компания өз мойнына алған болатын", - деп жазылған хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны