28.04.2011, 17:19 4551

"Қазақмыс" Жезқазғандағы кен байыту фабрикасындағы тазарту жүйелерін жаңартудың бірінші кезеңін аяқтады

"Қазақмыс" Жезқазғандағы кен байыту фабрикасындағы тазарту жүйелерін жаңартудың бірінші кезеңін аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 28 - сәуір. Kazakhstan Today - "Қазақмыс" Жезқазғандағы кен байыту фабрикасындағы тазарту жүйелерін жаңартудың бірінші кезеңін аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Қазақмыс тобы Жезқазған қаласындағы екі кен байыту фабрикасындағы тазарту жүйелерін жаңартудың 1-ші кезеңін аяқтағаны туралы баспасөз хабарламасын таратты.

Бұл шараға 50 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Фабрикалардағы жабдықтарды жаңарту экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған компанияның кешенді бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Оған биылғы жылы бюджетте 2 миллиард теңге қаржы қарастырылып отыр.

"Компанияның кен байыту фабрикаларында жетілдірілген аспирациялық жүйелердің енгізілуі - қызметкерлер құрамының еңбек жағдайларын жақсарта түсуге және аймақтағы экологиялық проблемаларды шешуге деген салмақты технологиялық қадам. Біздің тұрақты міндеттеріміздің бірі кәсіпорындардың экономикалық жағынан пайда табуы мен қоршаған ортаға келтірілетін техногендік әсерлерді барынша азайтудың арасындағы балансты теңгерімдеп отыру болып табылады", -дейді "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС-нің Басқарма төрағасы Эдуард Огай.

Оның айтуынша, жаңа жүйелерді орнату жұмыс орындарындағы ауаны тазарту және шаң-тозаңнан арылту жөніндегі арнаулы қондырғыларда жүргізілді. Кен байыту фабрикаларындағы жұмыс істеп тұрған 78 тазартқыш құрылыстардың 57-нің жұмысы тазартудың заманауи технологиясына негізделген шаңды басудың сенімді жаңа жүйелерімен жарақталған. Жабдықтарға жаңарту жүргізілген соң, ауаны шаңнан тазартып отырудың тиімділігі 75-тен 99,5 пайызға дейін жоғарылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны