24.12.2014, 11:05 3368

Қазақ-өзбек шекарасында отшашуларды заӊсыз жолмен алып өтпек болғандардыӊ пиғылы жүзеге аспай қалды.

Еліміздіӊ оӊтүстігіндегі Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Ынтымақ" заставасыныӊ шекара наряды салмағы 10 килодай болатын бенгаль шырақтары мен петард жарылғыштарын әкетіп бара жатқандарды ұстады.

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақ-өзбек шекарасында отшашуларды заӊсыз жолмен алып өтпек болғандардыӊ пиғылы жүзеге аспай қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еліміздіӊ оӊтүстігіндегі Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Ынтымақ" заставасыныӊ шекара наряды салмағы 10 килодай болатын бенгаль шырақтары мен петард жарылғыштарын әкетіп бара жатқандарды ұстады. Бағыттары көршілес Өзбекстан Республикасы болып шықты. Шекарашылардыӊ тоқтау туралы талабына құлақ асып, аялдағанымен кенеттен заттарын тастай қашты. Көршілес елдіӊ аумағына өтіп, бой тасалады.

Қазіргі уақытта көршілес елдіӊ шекарашыларыныӊ көмегімен іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы күні еліміздіӊ шығысындағы шекарада орналасқан "Қорғас" бекетінде 2 центнер құс етін (үйрек) заӊсыз алып өтпек болған 27 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды.

Ұсталған жүк "Қорғас" бекетініӊ ветеринарлық қызметіне берілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны