04.07.2008, 10:05 1417

Қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" кеден бекеті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша жабылды

Қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" кеден бекеті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша жабылды

Шымкент. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Жібек жолы" кеден бекеті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жыл соңына дейін жабылды. Бұл туралы журналистерге ОҚО кедендік бақылау департаментінің директорының орынбасары Нұрлан Отаров мәлімдеді.

"Жөндеу барысында жүктер мен жолаушыларды кедендік рәсімнен өткізу үшін екі жеке терминал, уақытша сақтау қоймасы, терең тексеру пункті, қызмет иттері үшін питомник, гараж тағы басқалары салынады", - деді Н. Отаров.

"Жөндеу жұмыстарын жүргізуге 398 млн теңге бөлінген. Біз жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады Н. Отаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны