24.02.2015, 14:26 3697

Қазақ-ресей шекарасында тұрған шекарашыларымыз салмағы жарты килограмм болатын марихуана өткізбек болған азаматты ұстады.

Ақтөбе шекара отрядына қарасты "Жайсаӊ авто" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары есірткілік затты өткізуге әрекеттенген 33 жастағы азаматтыӊ жолын кесті

Ақтөбе. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбе шекара отрядына қарасты "Жайсаӊ авто" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары есірткілік затты өткізуге әрекеттенген 33 жастағы азаматтыӊ жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған азамат "Ақтөбе - Орынбор" бағытындағы автобуспен Ресей Федерациясына жол жүріп барады екен. Ал есірткіні әуелі қағазға орап, содан кейін денесіне скотчпен байлапты. Осылайша байқаусыз түрде мемлекеттік шекарадан өте шығуды ұйғарыпты. Бірақ, қазақстандық шекарашылардыӊ арқасында ойлаған қулығы іске аспай қалды. Ал марихуананыӊ салмағы - 500 грамм болып шықты.

Аталған дерек бойынша Ақтөбе облысыныӊ Мәртөк ауданыныӊ құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны