19.09.2006, 16:45 2889

Қазақстан 2010-жылы ақпараттық қоғамды дамыту жобасын жүзеге асыра бастайды

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан 2010-жылы ақпараттық қоғамды дамыту жобасын жүзеге асыра бастайды. Бұл туралы бүгін Астанада ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі "Инфофорум-Қазақстан" атты Еуразиялық екінші форумда ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Қуанышбек Есекеев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Агенттік төрағасы орынбасарының айтуынша, қазір елімізде Малайзияның интеллектуалдық ұлтты дамыту жөніндегі "ІIN 2015" бағдарламасына балама жоба дайындалуда. Оны 2020-жылы жүзеге асырып аяқтау көзделген. "Интеллектуалдық ұлтты дамыту бағдарламасы тұрғындарды жаппай ақпараттық технологияларды қолдануға баулуды меңзейді",- деді ол.

Қ.Есекеевтің айтуынша, ағымдағы жылдың шілде айында үкімет ақпараттық теңсіздікті азайту жөніндегі 2007-2009-жылдарға арналған бағдарламаны қабылдады. Соған сәйкес халықтың компьютерді меңгеру деңгейін 5-6 проценттен 20 процентке жеткізу көзделуде.

Қазіргі жағдаймен еліміздегі мемлекеттік мекемелердің 94 процентінде жеке веб-сайты бар, олар 933 ақпараттық, 14 интерактивтік қызмет көрсетеді. "Келесі жылы біз интерактивті қызмет түрлерінің көлемін 72-ге жеткізбекшіміз",- деді Қ.Есекеев.

"2006-жылдың аяғына дейін 29 мемлекеттік ұйым электронды құжат айналымына көшеді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны