23.10.2018, 16:11 3896

Қазақстан 2019 жылы медициналық қызметтерді көрсетудіӊ электронды форматына толық көшеді

Астана қаласында 25-26 қазан аралығында мақсаты электронды денсаулық сақтауды дамыту, цифрлық инновациялар, инфрақұрылым және қауіпсіздік, мәліметтерді талдау, интеграция мен үйлесімділік саласындағы жетістіктер мен тәжірибелік шешімдерді көрсету болып табылатын "Astana Digital Health" Халықаралық ІТ-көрмесі өткізіледі

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.А.Ибішевтіӊ қатысуымен Елбасы Жолдауында қойылған цифрлық денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруға қатысты баспасөз конференциясы өтті.

Брифинг барысында вице-министр 2019 жылғы 1-ші қаӊтардан бастап Қазақстан медициналық қызметтерді көрсетудіӊ электронды форматына толық көшетінін атап өтті. Брифинг аясында медициналық ақпараттық жүйені енгізу, цифрлық сауаттылық орындарыныӊ жұмысы, базасында электронды денсаулық төлқұжаты жасалатын денсаулық сақтаудыӊ интеграциялық тұғырнамасын өрістету және т.б. сияқты мәселелер қаралды.

Вице-министр қазіргі мезетте халыққа цифрлық машықтарды үйрететін 546 цифрлық сауаттылық орындарыныӊ ашылғандығын хабарлады. Бүгінде 6 миллионға жуық адам оқытылды.

Сондай-ақ, О.Ибішев базасында елдіӊ медициналық ұйымдарындағы пациенттерді тексеруден өткізу мен емдеу нәтижелері, оныӊ ішінде бұрын ауырып жазылған созылмалы аурулар, дәрілік заттарға мүмкін болатын аллергиялық реакция, тамақтану, диета және т.б. бойынша берілген ұсыныстар туралы мәліметтерді қоса алатын электронды денсаулық сақтау төлқұжаты жасалатын денсаулық сақтаудыӊ интеграциялық тұғырнамасын өрістету туралы баяндады.

Сонымен қатар, спикер Астана қаласында 25-26 қазан аралығында мақсаты электронды денсаулық сақтауды дамыту, цифрлық инновациялар, инфрақұрылым және қауіпсіздік, мәліметтерді талдау, интеграция мен үйлесімділік саласындағы жетістіктер мен тәжірибелік шешімдерді көрсету болып табылатын "Astana Digital Health" Халықаралық ІТ-көрмесі өткізілетінін хабарлады. Іс-шараға қатысуға ниетті азаматтар үшін барлық ақпарат www.dhastana.kz сайтында көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны