18.03.2008, 19:22 6336

Қазақстан 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің энергетикалық сыйымдылығын 3 есе азайтуды көздеп

Қазақстан 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің энергетикалық сыйымдылығын 3 есе азайтуды көздеп

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің энергетикалық сыйымдылығын 3 есе азайтуды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін өткен "Қазақстан Республикасындағы энергия үнемдеудің өзекті мәселелері" атты дөңгелек үстелде қоршаған ортан қорғау министрі Нұрлан Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз үкімет қаулысымен бекітілген еліміздің тұрақты даму үдерісіне көшудегі мақсатты көрсеткіштері бойынша, алдағы 17 жылда жалпы ішкі өнімнің энергетикалық сыйымдылығын 3 еседен де көп азайтып, барлық ресурс көздерін пайдалану тиімділігін екі еседей арттыруымыз керек", - деді министр. Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанның энергиямен қамтамасыз ету құрылымында баламалы энергияның көлемін екі еседен астам арттыру жоспарланып отыр. "Егер біз бұл мақсаттарды орындай алмайтын болсақ, өзге дамыған мемлекеттермен бәсекеге түсе алмаймыз", - деді министр.

Табиғат қорғау ведомствосының басшысы атап көрсеткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы энергия тұтыну көлемінің ішінде баламалы қуат көздерінің үлесі 0,2 пайызды құрайды. Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 3 пайыз, ал Еуропа Одағында 6 пайыз.

Сонымен бірге, министр атап көрсеткендей, республика жылына 170 млрд кВт/сағат деп бағаланған айтарлықтай көлемдегі су энергиясының мүмкіндігіне ие. Оның айтуынша, жел энергетикасында 1,8 трлн кВт/сағат мүмкіндігін пайдалануға болады. Ал күн энергиясының потенциалдық мүмкіндігі жылына 2,5 млрд кВт/сағат болады деп бағаланып отыр.

Н. Ысқақовтың пайымдауынша, Қазақстанда энергетика қуатын үнемдеу және баламалы қуат көздері технологиясын енгізу қазіргі уақытқа дейін тиісті заңдық негіздің жоқтығына байланысты қолбайлау болып отыр. Ол парламент биылғы жылы қарастыратын қайта қалпына келетін қуат көздерін пайдалану және қолдау бойынша заң жобасын министрліктің жасап шығарғанын атап көрсетті.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта ел үкіметі 2024 жылға дейінгі Қазақстанның орны толтырылатын ресурстары мен энергиясын тиімді пайдалану стратегиясының жобасын жасап жатқанын еске салды. Аталмыш стратегия аясында Қазақстанда экологиялық салықтар енгізу мүмкіндігі мәселесі талқыланып жатыр. Оның ішінде электр қуатының да салығы бар. Министрдің пайымдауынша, мұндай салықты енгізу дәстүрлі көздерден энергия алу кезінде экологиялық шығындардың өтемақысын қамтамасыз етуге, баламалы энергияны өндірушілерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны