29.08.2006, 16:37 3245

Қазақстан 30-тамызда Конституция күнін атап өтеді

АЛМАТЫ. 29-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан 30-тамызда Конституция күнін атап өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, Конституция күні - жыл сайын 30-тамызда тойланатын мемлекеттік мереке. Бұл - демалыс күні.

Өздеріңізге мәлім, қазақстанның қазіргі қолданыстағы Ата заңы 1995-жылдың 30-тамызында республикалық референдумда қабылданып, 1995-жылдың 5-қыркүйегінде күшіне енді. Былтыр қазақстандықтар елдің Ата заңының 10 жылдық мерейтойын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны