28.05.2015, 13:28 3792

Қазақстан адами капиталды дамыту индексі рейтингінде 37-ші орында

Дүниежүзілік экономикалық форумда Адами капиталды дамыту индексі бойынша ұсынылған баяндама бойынша 2015 жылы Қазақстан 37-ші орынға ие болды. Бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда (45 орыннан) 8 сатыға жоғары

Астана. 28 Мамыр. Kazakhstan Today - Дүниежүзілік экономикалық форумда Адами капиталды дамыту индексі бойынша ұсынылған баяндама бойынша 2015 жылы Қазақстан 37-ші орынға ие болды. Бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда (45 орыннан) 8 сатыға жоғары, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Адами капиталды дамыту индексі білім беру жүйесініӊ нәтижелігін, еӊбек және жұмыспен қамтуды бағалау жолымен 124 елдегі адами капиталдыӊ дамуы тиімділігін өлшейді. Қазақстан білім беру тұрғысынан жақсы нәтиже көрсетті: жастардыӊ сауаттылық деӊгейі бойынша - 33, бастауыш біліммен қамту бойынша - 15 орында. Сонымен қатар, Қазақстанда 2 жыл ішінде бастауыш мектеп сапасы (+ 3 позицияда), білім беру жүйесініӊ сапасы (+9 позицияда) бойынша қарқынды алға жылжу бар", - делінген ҚР БҒМ мәліметінде, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныӊ Португалия (38 орын), Греция (40), Испания (41), Чили (45), Мексика (58), Түркия (68) және де Малайзия (52) елдерініӊ алдына шықты, ал БРИКС елдерінен: Қытай (64), Бразилия (78), ОАР (92), Үндістаннан (100) озды. Адами капиталды дамыту индексінде Қазақстан екінші рет қатысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны